Алғыстан артық құрмет жоқ

Алғыс айту күні Қазақстанда 1 наурызда атап өтіледі. Бұл күн еліміздің түрлі этностарының бірлігі мен ынтымақтастығын дәріптейді. Бұл күн Қазақстанның көпэтностық қоғамының бірлігі мен татулығын білдіреді. Сондай-ақ әрбір азаматтың еліне, халқына деген құрметі мен сүйіспеншілігін айқындайды. Бұл күні кім-кімге алғыс айтады? Мерекенің мәні неде? Алдымен тарихқа көз жүгіртсек.
Алғыс айту күні 1 наурызда Қазақстанда алғаш рет 2016 жылы атап өтілді. Бұл күні Қазақстанның түрлі этникалық топтарының халықтарының арасындағы достық, ынтымақтастық пен түсіністік күшейтіліп, елде ұлтаралық келісімді сақтау мақсаты көзделеді. Қараша айындағы Астана экономикалық форумында айтылғандай, бұл күн «қазақстандық бірліктің» күні ретінде ұсынылған. Осы күні Қазақстанның азаматтары бір-біріне ризашылықтарын білдіріп, өткен қиыншылықтар мен сынақтардан өткен елдің жетістіктерін атап өтеді. Алғыс айту күні Қазақ жеріне ұлы дала көшпелі халықтарының түрлі тайпалары мен этностары келіп, жергілікті халықпен өзара бейбіт өмір сүруін, сондай-ақ XX ғасырдың 30-жылдарындағы қуғын-сүргіннен кейінгі тағдырлары мен жер аударылған халықтармен қарым-қатынастарды еске салады. Бұл күннің маңызы да осында. Ол елдегі барлық этностардың достығын, бірлігін және елдің бірегейлігін паш етеді.
Қазақстандағы Алғыс айту күнінің негізгі мақсаты – ұлтаралық қатынастарды нығайту және этностар арасындағы өзара сыйластықты арттыру. Бұл күн арқылы әр азамат өзінің айналасындағы адамдарға ризашылығын білдіреді. Алғыс айту – тек өзінің жақындарына немесе туған-туыстарына ғана емес, жалпы қоғамға, еліне, оның тыныштығы мен гүлденуіне қосқан үлесі үшін білдірілген алғыс.
1 наурызда мемлекет қайраткерлері, мәдениет және өнер адамдары, сондай-ақ қарапайым азаматтар бір-біріне жылы лебіздерін айтып, Қазақстанның көпұлтты қоғамында қалыптасқан этникалық татулық пен мәдени әртүрлілікті атап өтеді. Бұл күн әсіресе Қазақстанның әлеуметтік, мәдени және этносаралық келісімін күшейтуде маңызды орын алады. Бұл күні әртүрлі шаралар ұйымдастырылады. Мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар, білім беру мекемелері мен мәдениет орындары түрлі іс-шаралар ұйымдастырады. Мысалы, мектептер мен жоғары оқу орындарында тақырыптық дәрістер, концерттер, көрмелер мен кездесулер өтеді. Осы күннің аясында түрлі этностардың өкілдері бір-біріне сыйлықтар беріп, жақсы тілектер айтып, бейбітшілікті дәріптейді. Бұл күні адамдар өздерінің жақындарына, мұғалімдеріне, дәрігерлеріне және басқа да маңызды тұлғаларға алғыс білдіреді. Сонымен қатар қайырымдылық шаралары ұйымдастырылып, халықтың тұрмысы төмен отбасыларына көмек көрсетіледі. Қоғамның әртүрлі тобы арасында өзара құрмет, түсіністік қалыптасып, этносаралық татулық нығайтылады.
Алғыс айту күні ұлт пен ұлысқа бөлінбейтін бірегей күн ретінде дүние жүзінде кең тараған. Мәселен, Америка құрама штаттарында «Thanksgiving Day» деп аталатын күн 1621 жылдан бері тойланып келеді. Бұл күнде АҚШ азаматтары өз өмірлеріне деген ризашылығын білдіріп, үлкен дастарқан жайып, бірге отырады. Біздегі Алғыс айту күні осы дәстүрге ұқсас, бірақ ерекше мағынаға ие. Бұл күн – бірліктің, татулықтың және өзара құрметтің белгісі.
Алдымен, әрине, Жаратушы көкейімізде тұруы қажет. Одан кейін жарық дүниеге әкелген, аялап өсіріп, қанаттандырған ата-анамызға алғыс айтуға тиіспіз. Содан соң ұлтымыз, Отанымыз тұрады. Кешегі қилы заманда қазақ халқы тағдырдың жазуымен елге келген қаншама ұлт пен ұлыс өкіліне кең құшағын жайып, бауырына тартты, бір үзім нанымен, барымен бөлісті. Өзге ұлт өкілдері қазақ халқының жүрек жылуын, ыстық ықыласын ұмытпайды.
Өткен ғасырдың отызыншы жылдарының аяғы мен қырқыншы жылдардың басында қазақ халқы Кеңес одағында үстемдік құрған сталиншілдік солақай саясатпен еріксіз Қазақстанға жер аударылған түрлі ұлт өкілдерінің басына түскен қиыншылықты бірге көтерді, бұл бүгінгі таңда еліміздегі сол еріксіз Қазақстанды паналаған, Қазақстанды екінші Отаны еткен түрлі этнос өкілінің арасындағы адамгершілік, сыйластық қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды.
Иә, осы күн тағдыр тоғыстырған Қазақстанның көпэтносты халқының ортақ тарихын құрметтеу күні екені рас. Бұл күн қайырымдылық дәстүрін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні. Ашаршылық, репрессия мен жер аудару жылдарында қазақ көрсеткен мейрімділік пен сыйластық, қолда бармен бөлісу, көмек көрсету сынды рухани дәстүрлер күні. Қош. «Қарғыс алма, алғыс ал!» деген өнегелі сөз бар. Олай болса, елімізді Алла алғыстан айырмасын демекпіз.
Айнұр ӘЛИ