Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаев БҰҰ Дүниежүзілік метеорология ұйымының президентін қабылдады

Тоқаев БҰҰ Дүниежүзілік метеорология ұйымының президентін қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Дүниежүзілік метеорология ұйымының президенті, UAE National Center of Meteorology бас директоры Абдулла Әл-Мандуспен кездесті.
Кездесуде климат, ауа райы, су ресурстары және табиғи апаттардың қатерін азайту бағытындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Президент ерте хабарлау жүйесін дамыту, метеорологиялық инфрақұрылымды жаңғырту және ғылыми деректер алмасудың маңызын атап өтті.
Тараптар су қауіпсіздігі мен су ресурстарын басқару мәселелеріне де назар аударды. Сонымен қатар Қазақстанның БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құру бастамасының өзектілігі айтылды.
Сондай-ақ Түркістан облысы мен БАӘ Ұлттық метеорология орталығы бірлесіп, жауын-шашынды жасанды жолмен шақыру жобасын жүзеге асырады. Жоба 17 мамырда іске қосылады. Бастама су қоймаларын толтыруға және ауыл шаруашылығы алқаптарын сумен қамтамасыз етуге бағытталған.
Осылайша, Қазақстан өңірде жасанды жаңбыр технологиясын пайдаланған алғашқы ел болмақ.
15 мамыр 2026 ж. 178 0

Қазақтың келіндері

25 тамыз 2026 ж. 85

Алданазар бидің шешімі

25 тамыз 2026 ж. 80

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31