Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда сәби өлімі он бес пайызға төмендеген

Қазақстанда сәби өлімі он бес пайызға төмендеген

Туа біткен кемістіктерді ерте анықтау 10%-ға өскен.
Фото: istockphoto
Қазақстандағы балаларға медициналық көмектің сапасын жақсарту жөніндегі кешенді шаралар 2024 жылы нәресте өлімінің көрсеткішін 8,3%-ға төмендетуге мүмкіндік берді, ал неонаталдық өлімнің деңгейі 19%-ға төмендеді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ведомство алқасының кеңейтілген отырысында атап өтті, - деп хабарлайды Aikyn.kz министрлік баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қазақстан орталық Азиядағы реанимация бөлімшесіндегі бір нәрестеге бір мейіргер күтім жасау керек деген маңызды қағиданы неонаталдық көмек стандартына енгізген бірінші және жалғыз ел.», - деді А.Әлназарова.
Бала өлімі құрылымында бірінші орын алатын туа біткен даму кемістіктерін азайту мақсатында еліміздің 13 өңірінде 15 «Бір күндік клиника» құрылды, онда 50 мың жүкті әйел зерттеп-қараудан өтті.
Нәтижесінде туа біткен ақаулардың ерте анықталуы 10%-ға өсті. Алғаш рет ұрықтың патологиясын аз инвазивті әдістерді қолдана отырып, жатырішілік емдеу үшін «Феталдық медицина» енгізілді.
«Жоғарыда аталған іс-шаралардың барлығы 2024 жылдың қорытындысы бойынша сәбилердің өмір сүру деңгейін 88%-дан 93%-ға дейін арттыруға және ТДК-ден сәбилер өлімін 15%-ға төмендетуге мүмкіндік берді. Жыл соңына дейін барлық өңірлерде бір күндік емханалар құруды аяқтау қажет», - деп атап өтті ведомство басшысы өңірлік алқа қатысушыларына арнаған сөзінде.
28 ақпан 2025 ж. 246 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 105

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 103

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 101

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 91

Кітап – Ұлттық қазына

18 сәуір 2025 ж. 170

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930