Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Енді заңды куәліксіз неке қиған имамдар жазаланады

Енді заңды куәліксіз неке қиған имамдар жазаланады

Мешітте берілетін куәлік «жалған неке» саналады. SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Үкімет басшысының орынбасары Ермек Көшербаев мәжіліс депутаттарына берген жауабына Қазақстандағы жалған некелерге қатысты жауап берді.
Үкімет өкілінің сөзінше, жалған ажырасу жағдайында теріс пайдалану схемаларын болдырмау мақсатында мемлекет кешенді шаралар қабылдап жатыр. Ең бірінші кезекте имамдардың ресми тіркеусіз неке қиюына жауапкершілік күшейтіледі. Діни рәсімдер бойынша жасалған неке тіркелген некеге тең келмейді. Имам "неке қию" рәсімін мемлекеттік тіркеусіз өткізілген жағдайда сөгіс түрінде жауапқа тартылады. ҚМДБ ресми тіркеусіз діни неке қиюға жол бермеу және жолын кесу мақсатында жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп халық арасында белсенді түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, – деді Ермек Көшербаев. Ол Қазақстандағы ажырасу мәселесіне қатысты да мәлімет берді. Ұлттық статистика бюросының дерегінше, Қазақстанда ажырасу деңгейі төмендеп келеді. Соңғы 5 жылда елімізде ажырасу санының төмендеуі байқалды (2019 жылы – 59796 ажырасу, 2023 жылы – 40227, 32,7%-ға төмендеу). Бұл ретте, БҰҰ деректеріне сәйкес (2024 жылғы қараша) Қазақстанда ажырасу коэффициенті 2019 жылы 1000 адамға шаққанда 3,23-тен 2023 жылы 2-ге дейін төмендеді.


27 ақпан 2025 ж. 101 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728