Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жеке куәлікке "тегі" және "келіні" жалғауларын қосуға бола ма – Әділет министрлігі жауап берді

Жеке куәлікке "тегі" және "келіні" жалғауларын қосуға бола ма – Әділет министрлігі жауап берді

Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли брифинг барысында қазақстандықтардың аты, тегі және әкесінің атына жалғанатын жалауларға қатысты сұраққа жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Stan.kz

Ресми өкілдің айтуынша, қазақстандықатардан жеке куәліктегі аты, тегі және әкесінің атына байланысты сұрақтар жиі түседі. Талғат Уәли отандастардан түскен толассыз сауалдарға нүкте қойды.

“Бұл норма "Неке және отбасы туралы" кодексімен реттеледі. Әділет министрлігі толық аты-жөнінің емлесіне енгізілген өзгертулер санының статистикасын жүргізбейді. Сондай-ақ кодекске сәйкес, "тегі", "ұрпағы", "немересі", "шөбересі", "келіні" секілді жалғаулардың жалғануына рұқсат жоқ”, – деді Талғат Уәли.

Айта кетейік, неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" кодексіне сәйкес, неке (ерлі-зайыптылық) қию кезінде ерлі-зайыпты өз өтініштері бойынша ортақ тегі ретінде біреуінің тегін таңдайды немесе ерлі-зайыптының әрқайсысының некеге дейінгі тегі сақталады. Сондай-ақ біреуі (екеуі де) өз тегіне жұбайының тегін қоса алады. Ерлi-зайыптылардың кем дегенде бiреуiнiң некеге дейiнгi тегі қосарланған болса, фамилияларды біріктіруге рұқсат жоқ.

Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу кезінде тегі өзгерген жағдайда азамат бір ай мерзімде жеке басын куәландыратын құжаттарды ауыстыруы қажет.
31 қазан 2024 ж. 159 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 117

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 115

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 112

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 99

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930