Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда зейнетақы мен жалақы өседі

Қазақстанда зейнетақы мен жалақы өседі

Қазақстанда зейнетақы, бюджет қызметкерлерінің жалақысы, сондай-ақ, атаулы әлеуметтік көмек және тұрғын үй көмегінің мөлшері өседі. Бұл туралы Сенаттың Taldau Talks подкасында премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Подкастың бұл шығарылымы салық реформасына, ҚҚС өсіміне, оның бюджет пен инфляцияға әсеріне арналған.
"Заң бойынша инфляция деңгейіне сай зейнетақыны, бюджет қызметкерлерінің, мұғалімдердің, дәрігерлердің жалақысын және т.б. өтеуіміз керек. Біз мұны қолға аламыз. 20 пайыз мөлшерлемемен бұл 800 миллиард теңге болды. 16 пайыздық мөлшерлемемен 500-550 миллиард болады. Атаулы әлеуметтік көмекті көбейтеміз. Қазір ол 200 мың адамға шаққанда 40-45 миллиард. Сонда не қалады? Тұрғын үй көмегі қалады. Әрине, тарифтер өсуіне байланысты оны да көбейтіп, өтейміз", - деді Жұманғарин.
Осы бойынша мынадай түзетулер енгізілді:
  • ҚҚС бойынша міндетті тіркеу есебіне қою үшін шекті 20 мың АЕК-тен (78,6 миллион теңге) 3 800 АЕК-ке (15 миллион теңге) дейін төмендету;
  • кейбір салалар үшін 10 пайыз төмендетілген мөлшерлемені белгілей отырып, ҚҚС мөлшерлемесін 12 пайыздан 16 пайызға дейін ұлғайту.


23 ақпан 2025 ж. 383 0

Берекелі жәрмеңке

09 желтоқсан 2025 ж. 130

Құрылыста қам қалай?

09 желтоқсан 2025 ж. 86

Су деңгейі бақылауда

09 желтоқсан 2025 ж. 45

Қос кездесу

09 желтоқсан 2025 ж. 127

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031