Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Рейс кешіккені үшін өтемақы алуға болады ма?

Рейс кешіккені үшін өтемақы алуға болады ма?

фото: Н.НҰРЖАУБАЙ
Рейстің кешігуі – кез келген жолаушы тап болуы мүмкін жағымсыз жағдай. Tengritravel.kz рейс кешіккенде өтемақы алуға бола ма деген сұраққа жауап іздеді.

Жолаушылардың қандай құқықтары бар?

Азаматтық авиация комитеті мәліметінше, "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" заңның 86-бабына сәйкес, рейстің кешігуіне әуекомпания кінәлі болған жағдайда немесе әуе кемесінің кеш келуіне байланысты тасымалдаушы міндетті:
  • Жолаушыларға жөнелту және аралық пункттерде салқын сусындар беру;
  • Кешігу уақытына байланысты ыстық тамақпен қамтамасыз ету;
  • Кешігу уақытына қарай қонақүйде тұруды ұйымдастыру;
  • Қажет болған жағдайда әуежайдан қонақүйге және кері трансфер беру.

Ақшалай өтемақы алуға бола ма?

Заңға сәйкес, жолаушылар әуежайда қызмет көрсетуден бөлек, ақшалай өтемақы алуға да құқылы.
"Жолаушыны межелі пунктке кеш жеткізгені үшін тасымалдаушы әр кешіккен сағат үшін тариф (кешігу болған ұшу учаскесінің тарифі) құнының үш пайызын айыппұл ретінде төлеуге міндетті, егер кешігу тасымалдаушыға тәуелсіз форс-мажорлық жағдайлардан туындағанын дәлелдемесе. Сонымен қатар, жолаушының кешігуге байланысты шеккен шығындары болған жағдайда, олар да өтелуге жатады. Айыппұлдың жалпы сомасы сатып алынған тарифтің (ұшу учаскесінің тарифінің) құнынан аспауы тиіс" – деп түсіндірді ААК.

Өтемақыны қалай алуға болады?

Егер рейсіңіз кешігіп, тиісті өтемақы немесе қызметтерді алғыңыз келсе:
  • Әуекомпания өкілдігіне жүгініп, қажетті қызметтерді талап етіңіз.
  • Барлық құжаттарды сақтаңыз – отырғызу талоны, билет, қосымша шығындарға (тамақ, қонақүй) кеткен чектер.
  • Егер тасымалдаушы өз міндеттемелерін орындаудан бас тартса, әуекомпаниясына жазбаша шағым жіберіңіз.
  • Егер шағым қанағаттандырылмаса, Азаматтық авиация комитетіне немесе сотқа жүгінуге болады.
"Осы бапта көзделген талаптарды бұзған тасымалдаушылар Қазақстан заңнамасына сәйкес жауапқа тартылады" – деді ведомство өкілдері.

21 ақпан 2025 ж. 96 0

Арал: Жыл және жетістік

21 ақпан 2025 ж. 117

ТҰРҒЫНДАР НАЗАРЫНА!

21 ақпан 2025 ж. 80

Керек дерек

21 ақпан 2025 ж. 102

Үйірмеде үйренер көп

21 ақпан 2025 ж. 95

Жайлы мектеп

21 ақпан 2025 ж. 189

"Түйін" жобасы қосылды

21 ақпан 2025 ж. 119

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728