Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қанды шайқастан аман оралған

Қанды шайқастан аман оралған

Ер есімі – ел есінде. Биыл Қазақстан халқы Ұлы Жеңіс күнінің 80 жылдығын атап өтеді. Сұрапыл шайқасқа қазақ жерінен екінші дүниежүзілік соғысқа миллиондаған жауынгер аттанды.
Дегенмен олардың жартысынан көбі майданнан оралмады. Алайда жеңіске жету жолында қазақстандықтардың елеулі үлес қосқанына тарих куә. Мыңдаған қазақ неміс фашистері басып алған территориялардағы партизандық қозғалыстарға да белсенді қатысты. Сұрапыл соғыс жылдарында неше мыңдаған есіл еріміз қаза тауып, қаншамасы мүгедек болып оралды, еңкейген кәріден белі қатаймаған жас тылда еңбек етті.
Сондай жанын ажалға тіккен қазалылықтар да майдан шебіне аттанды. Соның бірі – Сырбай Шамшиев. Ол 1915 жылы Қазалыда дүниеге келген. 1940 жылдың күзінде әскерге алып кетеді. Запастағы сарбаз есебінде болған Сырбай Шамшиев екі ай карантинде болғанында кенеттен соғыс басталды деген хабар алады.
Әуелгіде қиындыққа кезіккен жауынгерлерге қару-жарақ жетіспейді. Екі адамға бір мылтықтан келгендіктен әбден дайындалған немістерге түнде тұтқиылдан шабуыл жасайды. Советтер 1941-1942 жылдардан кейін шегінуге тура келеді. Сол кезде Сырбай атамыз аяғынан жарақат алады.
1943 жылы немістің бір селосына басып кіреді. Сырбай Шамшиев аяғынан жүре алмай бидайдың арасында қалып қояды. Бұл маңайда немересімен бидай теріп жүрген хахолдың бір кемпірі көріп, оны жертөледе бағады. Арбаға салып үйіне апарып, советтер келгенше тығып ұстайды. "Біз де соғысты қаламаймыз. Менің де балам соғыста" деп Сырбай Шамшиевті емдеп қатарға қосады.
1944 жылы снарядтың оғынан оң колынан айырылып, елге оралады. Ауылға жеткен соң шаңырақ көтеріп, балалы-шағалы болады. Оң колы жоқ болса да, үйелмелі-сүйелмелі балаларын тәрбиелеп, ел қатарына қосады. Депода машинистердің шақырушысы қызметін атқарады. Мүмкіндігі шектеулілігіне қарамастан жер жыртып, бақша еккен. Балаларына бірінші қауынын ауыз тигізіп, қалғанын көршілерге таратып беретін.
Бізбен әңгімесінде көрші балалар "қауын беретін ата келе жатыр" деп күтетін деп қайын атасының айтқандарын еске алды келіні Айшагүл Шәмші. Сырбай ата сыртынан қараған адамға қатал көрінгенмен өте мейірімді болған.
– Бізді бірің әкемсіңдер, екіншің шешемсіңдер деп еркелететін. Соғыста аман келгенім сендерді Алла көрсін деп тірі қалдырған оң колым да, сендерсіңдер, – деп еске алды Айшагүл Шәмші.
Оның айтуынша, Сырбай Қажыгелдіұлы үлкенге іні, кішіге аға бола білген қадірлі де, сыйлы кісі болатын. Жеті баланың әкесі соғыс ардагері соғыста оң қолынан айырылып, ауылға келіп жол бойында темір тұлпарды тізгіндеген азаматтарды күндіз-түні жұмысқа шақырушы ретінде еңбек етеді. Құдай берген бес ұл, екі қыздың бәрін аяқтандырады. Ұлды ұяға, қызды қияға қондырған. Ұлдың төртеуін өзінің еңбек жолына бейімдеп, еңбекке орналастырған. Екі ұлы темір тұлпарды тізгіндеген жүргізуші, келесі екеуі слесарь болып жұмыс істеген. Олардан 20 немере сүйген ардақты ата атанды. Осы немерелердің ішінен екеуі ата жолын қуған өз істерінің маманы болды.
– Осы күнге дейін балалары мен немерелерінің құрметі кезінде атамыздың аты аталады. Мен атаммен мақтанамын. Жатқан жері жайлы болсын, арамыздан кеткенмен халықтың жүрегінен кетпегеніне іштей разымын. Елімізде елім деп туар азаматтар көп болғай деп тілеймін, – дейді келіні Айшагүл Шәмші.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
16 ақпан 2025 ж. 404 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728