Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа қызметке шығарып салды

Жаңа қызметке шығарып салды

Аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет осы күнге дейін Қазалы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы қызметін атқарып келген Мейрамбек Ибраимовты басқа қызметке ауысуына байланысты құрметпен шығарып салды.
Басқосуда аудан әкімі Мейрамбек Мұхтарұлының қызметін жоғары кәсіби деңгейде атқарған азамат екенін атап өтіп, ауданда жемісті еңбек еткені үшін алғысын жеткізіп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі. Сондай-ақ, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін ауданымыздың ең жоғарғы марапаты Қазалы ауданының «Құрмет грамотасын» табыстады.
Өз кезегінде Мейрамбек Мұхтарұлы әріптестеріне және барша аудан тұрғындарына ризашылығын білдірді. Басқосуда аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліште сөз алып, Мейрамбек Ибраимовтың жаңа қызметіне сәттілік тілеп, ізгі лебізін жеткізді.
Айта кетейік, Мейрамбек Мұхтарұлы 2024 жылдың басынан бүгінгі күнге дейін Қазалы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасын абыроймен басқарып келді.
©Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
14 ақпан 2025 ж. 587 0

3 қазанға валюта бағамы

03 қазан 2026 ж. 61

Тынысы кеңейген кәсіп

03 қазан 2026 ж. 73

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031