Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қауіпсіздік талаптарының сақталуына бақылау жүргізілді

Қауіпсіздік талаптарының сақталуына бақылау жүргізілді

Бүгін аудан орталығы Әйтеке би кентіндегі бірқатар көшелердегі ашық қалған құдықтар мен люктер тексеріліп, «Бақытты отбасы» партиялық жобасы «Балалар үшін қауіпсіз және жайлы инфрақұрылым» акциясы аясында мониторинг жұмыстары жүргізілді.

Жаяу жүргіншілер, әсіресе балалар үшін қауіпті жағдай туғызуын болдырмауға бағытталған кезекті шараға аудандық партия филиалының төрағасы Ғазиз Әліш, партия филиалының Атқарушы хатшысы Нұрғиса Жалғасбаев, Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Әділбек Сарабеков пен комиссия мүшелері Ерболат Мұхаш және Райымбек Бөлебаев қатысты.

Жұмыс барысында партия өкілдері бірнеше жерлерде қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін орындарды анықтады. Жаңа тұрғын үйлер орналасқан А.Елубаев көшесінің бойындағы 10-ға жуық су желілерінің құдық қақпақтары жоқ. Сонымен қатар бұндай орындар Қ.Ерімбет көшесінің бойында да кездесті. Тұрғындардың айтуынша, құдық қақпақтарының жоқтығы көлік қозғалысына да қауіп төндіруде.
Анықталған мәселелер бойынша тиісті ұсыныстар мен ескертпелер жауапты мекемелерге жолданатын болады.

#AMANAT
30 қаңтар 2025 ж. 44 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30