Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлттық Ғылым академиясы Жоғары ғылыми ұйым мәртебесіне ие болды

Ұлттық Ғылым академиясы Жоғары ғылыми ұйым мәртебесіне ие болды

zakon.kz
Академияға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласын басқару жөніндегі уәкілетті органды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі айқындады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Үкімет "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының кейбір мәселелері туралы" 2024 жылғы 30 желтоқсандағы қаулыны қабылдады.

Құжатта:

"ҚР Президентінің жанындағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы ҚР Президентінің жанындағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" жоғары ғылыми ұйымына қайта құрылсын".

Академияға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласын басқару жөніндегі уәкілетті органды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі айқындады.

Академияның негізгі қызмет түрлері:

әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарына сәйкес ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің басым бағыттарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы стратегиялық, іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын айқындау жөніндегі ұсынымдарды тұжырымдау;

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңеске уәкілетті орган ұсынған ғылым мен технологияларды дамытудың стратегиялық басым бағыттарына талдау жүргізу;

бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру үшін Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның қарауына ұсынылған ғылыми-техникалық тапсырмаларға сараптама жүргізу;

ғылымды дамыту бойынша форсайттық (болжамды) зерттеулер дайындауды және жүргізуді жүзеге асыру;

ғылым саласында атаулы сыйлықтар мен стипендиялар алуға конкурстар өткізу;

ғылым мен техниканың түрлі салаларында ғылыми зерттеулер жүргізу;

ғылыми журналдарды шығару;

халықаралық ғылыми және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамытуға қатысу;

ғылымды насихаттауға қатысу.
09 қаңтар 2025 ж. 243 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 155

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 146

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 157

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031