Жол инфрақұрылымы - ел экономикасының маңызды әрі күрделі саласы

- Жоспарымыздағы тағы бір жоба - Сырдария жағалауының бойынан Ескі базар мен Мерей м/а аралығына жаңа жол салу. Оған байланысты қажетті құжаттары әзірленуде. Жуырда аспалы көпір аталып кеткен Шиелі бағытындағы автомобиль көпіріне қайта жаңғырту жұмыстарын бастаймыз. Жолдарымыздың аясы кеңігесін, көлік кептелістерінің азаятыны белгілі. Дегенмен, жыл сайын қаламызда автокөліктердің саны артып келеді. Жыл қорытындысындағы мәлімет бойынша, облыс орталығына тіркелген көліктердің саны 88 мыңнан асқан. Бұл санның әлі де артатындығы анық. Осының барлығы ескеріле, облыс әкімінің үйлестіруімен темір жол асты автокөлік өткелін салу жобасы қолға алынды. Бүгінде Жанқожа батыр көшесі арқылы өтетін темір жол асты автожолы, қала мен Тасбөгет кентін байланыстыратын Қызылжарма каналының үстінен өтетін автожол көпірінің құрылыстары жүргізілуде,-деді Нұржан Сәбитұлы.