Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Дональд Трамп жынысын ауыстырған ер спортшылардың қыздар жарысына қатысуына тыйым салды

Дональд Трамп жынысын ауыстырған ер спортшылардың қыздар жарысына қатысуына тыйым салды

Rebecca Noble / Getty Images
АҚШ президенті Дональд Трамп трансгендер спортшыларға әйелдер арасындағы жарыстарға қатысуға тыйым салатын жарлық шығарды. Ақ үйде спортшы қыздармен кездесіп, бұйрыққа қол қойған Трамп «Бұдан былай әйелдер спорты тек әйелдерге қызмет етеді. Осы бұйрықпен әйелдер спортына қарсы дау аяқталды» деді.

Заң тек АҚШ аумағында ғана күшіне ие.

«Соңғы жылдары көптеген спорт федерациялары ерлердің әйелдер арасындағы жарыстарға қатысуына рұқсат берді. Бұл өте әділетсіздік және қорлау. Бұл әйелдер мен қыздардың жарыстарға қатысуына және шынайы күшпен бәсекеге түсуіне кедергі келтірді және олардың денсаулығына қауіп төндірді», - делінген оның бұйрығында.

Нәтижесінде АҚШ трансгендер спортшыларға виза бермейді. Дональд Трамп ХОК-ты 2028 жылы Лос-Анджелес Олимпиадасына трансгендерлік спортшыларды жіберуге тыйым салуға мәжбүр ететінін баса айтты.

Тіпті өзінің инаугурация рәсімінде Трамп тек екі жынысты: еркек пен әйелді мойындайтынын мәлімдеген болатын.



Айта кетейік, былтыр Париж Олимпиадасының қыздар боксы бағдарламасында алжирлік Иман Хелифке қатысты дау туды. Бокс төңірегінде жүрген сарапшылар, тіпті боксшы қыздардың өзі Хелифтің еркек екенін айтып шағымданған. Алайда, ХОК боксшының жынысына қатысты тексеру жүргізбеді. Есесіне Хелиф Олимпиада чемпионы атанды.
10 ақпан 2025 ж. 293 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30