Өнерімен өркендеген әулет

Өмірлерін өнер жолына арнап кеткен күйші, қобызшы Махамбет және Раманқұл Әуезовтердің ізін жалғасытырып келе жатқан мәдени мұрасын сақтап, оны ұрпақтан-ұрпаққа насихаттап жүрген «Әуезовтер» халықтық отбасылық ансамблі 2025 жылдың ақпан айының 6 жұлдызында Р.Бағланова атындағы аудандық мәдениет орталығында «Өнерімен өркендеген әулет» атты шығармашылық кешін өткізді.
Шараның алғы сөзі аудандық мәслихат төрағасы Әліш Ғазиз Әлмамбетұлына беріліп, құттықтау сөз сөйлеп, шығармашылық табыс тілеп аудан әкімі М.Шермағанбеттің Алғыс хатын және бағалы сыйлығын ансамбль ұжымына табыстады. Білім саласының майталманы, отбасы өнерін қолдаушы Раман Әбілқасым кешті жүргізді.
Концерт бағдарламада «Әуезовтер» халықтық отбасылық ансамблі М.Әубәкіровтің «Наркескен», Құрманғазының «Қызыл қайың», Әлшекейдің «Терісқақпай», Мырзаның «Мерке» күйлерін, С.Әліштің «Батыс әуендері», Е.Кішкенеевтің вальсі «Нұргүл» және Моцарттың «Рондо» шығармаларын орындаса, ансамбль мүшелері Отаралиев Серік баян аспабымен - А.Фоссеннің «Карусель», Әуез Асылбек виолончель аспабымен Е.Үсеновтің «Күзгі әуен», Назерке Әбдіразақова прима қобыз аспабымен румын халық биі «Жаворонок», Әуез Арман және Отаралиева Ақбота «Тілеп сарынын» қобыз аспаптарымен орындаса, Мадияр Жеткербай ансамбльдің сүйемелдеуімен жеке дауыста К.Дүйсекеевтің «Қарағым-ай», халық әні «Ақбаян» орындаса, ансамбльдің сүйемелдеуімен жеке дауыста Ш.Сүлейменовтің «Сыр елім» әнін, К.Салықовтың «Бір ауыз сөз» әнін, Қарақалпақ әні «Гүлнара» және Махамбет Әуезовтің «Қазалы вальсі» әнін жанды дауыста орындады. Сонымен қатар қазақтың ұлттық биімен Кәдір Сұлтана мың бұрала билеп көрермен қауымға көтеріңкі көңіл-күй, рухани демалыс сыйлады.
Кеш барысында ансамбльдің жетекшісі ҚР мәдениет саласының үздігі төс белгісінің иегері, Бүкілодақтық, халықаралық, республикалық конкурстарының Лауреаты, музыкант, қобызшы Арман Әуезге сөз берілді.
Ансамбль жетекшісі бүгінгі күні «Әуезовтер» ансамблінің қалыптасу жолы мен даму тарихына тоқталып, ұлттық өнердің ұлы мұрагері болу үлкен жауапкершілік екенін жеткізді. Алдағы өткізілетін шаралары мен де бөлісті. ансамбль мүшелерінің әрқайсысының шығармашылық жолын олардың ән мен күйдің, музыканттық шебер екенін, әрбір жеке орындаушы өз жолын тауып, өнерді ұлықтау үшін талмай еңбек етіп келе жатқанын айтып, қазіргі ансамбль мүшелерін көрермен қауымға таныстырып өтті. Кешке арнайы қонақ болып келген құрметті қонақтары аудандық Қорқыт ата атындағы балалар Өнер мектебінің директоры С.Әліш сөз сөйлеп ансамбльге жылы лебізін білдіріп, Өнер мектебі атынан Алғыс хатын табыстады.