Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Биыл жүзден астам су маманы Қытайда біліктілігін арттырады

Биыл жүзден астам су маманы Қытайда біліктілігін арттырады

Мамандарды даярлау және қайта даярлау – еліміздің су саласын жаңғыртудың маңызды бағыты.
Фото: istockphoto.com
Биыл мыңнан астам су маманы біліктілік арттыру курстарынан өтеді, олардың 100–ден астамы Қытайда тәжірибе алмасады
Су ресурстары және ирригация министрлігі биыл мыңға жуық су шаруашылығы маманын қайта даярлау үшін біліктілік арттыру курстарын ұйымдастыруды жоспарлап отыр.
Атап айтқанда, министрлік қытайлық Power China компаниясымен қазақстандық мамандарды ҚХР-да біліктілік арттыру курстарынан өткізу туралы келісімге келді. Сәуірде 30 адам, одан кейін 25 адамнан құралатын бірнеше топ Қытайға барады. Курстар әр тоқсан сайын өтеді. Оған жалпы саны 105 маман қатысады.
Еске сала кетейік, былтыр 500-ден астам сушы мамандандырылған орталықтардың жанынан біліктілік арттыру курстарынан өтті. Бұл бастапқы жоспардан 12%-ға артық.
«Мамандарды даярлау және қайта даярлау – еліміздің су саласын жаңғыртудың маңызды бағыты. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Тараз қаласында Ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті ашылды, онда 200-ге жуық студент оқиды. Біздің министрлік су саласы үшін кәсіби стандарттарды әзірлейтін кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңес құрды. Оның негізінде қазақстандық жоғары оқу орындары өздерінің білім беру бағдарламаларын өзектендіретін болады», - деді ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Ғылым және инновация департаменті Су шаруашылығындағы адам ресурстарын дамыту басқармасының басшысы Дидар Жәнібекұлы.
08 ақпан 2025 ж. 391 0

Орманға қорған

21 қазан 2025 ж. 151

«Озат аудан» атандық

21 қазан 2025 ж. 153

Айнұр олжалы оралды

21 қазан 2025 ж. 171

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031