Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Депутат суррогат ішімдікті сататын кәсіпкерлерді қатаң жазалауды ұсынды

Депутат суррогат ішімдікті сататын кәсіпкерлерді қатаң жазалауды ұсынды

Фото: Pexels
Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев 2025 жылғы 5 ақпанда палатаның жалпы отырысында суррогат алкоголь өнімдерін сататын кәсіпкерлерді лицензиясынан айыруды және оларға ірі айыппұлдар салуды ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Нартай Сәрсенғалиев суррогат алкогольді самопал және қазақстандықтарды өлтіретін у деп атады.
"Оларды табу үшін алысқа барудың қажеті жоқ. Өнім өңірлердегі жағдайды айтпағанда, Астана дүкендерінің сөрелерінде де жеткілікті. Бұл у жертөледе дайындалып, тұтынушыны бірден қабірге аттандырады. Біз ішімдікке акциздерді көбейтіп, оны қолжетімсіз етуге тырысып жатқанда, кәсіпкерлер дүкен сөрелерін заңсыз алкогольмен толтырып, осы арқылы пайда табуда. Нәтижесінде адамдар соқыр болып, есін жоғалтып, тәуелдікке душар болып, өліп жатыр",- деді ол.
Ол жақында Шымкентте болған оқиғаны мысалға келтірді.
"Қаңтар айында Шымкентте жасырын алкоголь өндіретін цех табылды. Ерлі-зайыптылар үш жыл бойы адамдарды улап келген. Бұл істен 309 млн теңге табыс тапты. Олар зәулім үйде тұрып, қымбат көліктермен жүреді. Бірақ үш жыл ішінде олар мыңнан астам адамның өмірін қиды. Тексеру барысында цехта 24 мың жалған акциздер мен 9 мың литр этил спирті табылды. Мәселен, тек 2021 жылдың өзінде Шымкентте 240 адам уланып қайтыс болды. Ал, 2020 жылы екі тәулік ішінде Қостанай және Ақмола облыстарында 15 адам ішімдіктен уланып көз жұмды",- деп қосты мәжілісмен.

Сонымен қатар, оның мәліметінше, Астанада бір жыл ішінде суррогат немесе үйде жасалған алкоголь сатылатын 200 дүкен анықталды.
"Олар күніне орта есеппен 30 литр заңсыз алкоголь сатты, бұл 60 бөтелке. Бағасы 600 теңге мөлшерінде белгіленген. Санап көрсек, 200 дүкен заңсыз өнімнен күніне 7,2 млн теңге немесе жылына 2,6 млрд теңге табады", – деп атап өтті Сәрсенғалиев.
Қорытындылай келе ол полицейлерге ӘҚБтК-нің 283-бабы бойынша заңсыз өндірілген алкоголь өнімдерін сатумен айналысатын кәсіпкерлерді жауапкершілікке тартуды ұсынды. Бұл жағдайда оларға 600 мың теңге көлемінде айыппұл салынып, лицензияларынан айрылады.
06 ақпан 2025 ж. 42 0

Бензин қымбаттады

06 ақпан 2025 ж. 20

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728