Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жиддадан қажылықтан келе жатқан қазақстандық ұшақта күтпеген жайтқа тап болған

Жиддадан қажылықтан келе жатқан қазақстандық ұшақта күтпеген жайтқа тап болған

Жетісулық дәрігер ұшақта павлодарлықты ажал аузынан аман алып қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодарлық Мұрат Иманғазинов биыл 19 қаңтарда Сауд Арабиясындағы Жидда қаласынан қажылықтан Алматыға ұшып келе жатқан. Ол тұмауға қарсы дәрінің бірнешеуін ішіп, ұйықтап кеткен. Кенет бет-аузы адам танымастай ісіп кетіп, оянғанда аллергия пайда болғанын сезген. Тынысы тарылып, қан қысымы көтеріліп, жағдайы нашарлаған.

Сол сәтте ұшақта болған Жетісу облысының дәрігері Жаннұр Сырымов бірден жанына келіп, оған көмектескен.

"Қап тауларының үстінде ұшып келе жатқан едік. Экипаж шұғыл жағдай болса, ұшақты жақын маңдағы әуежайдың біріне қондырмақ болды. Дәрігер шұғыл көмек көрсетіп, Алматыға аман түсірді. Өлім аузынан аман алып қалған адамға алғысым зор", - дейді Мұрат Иманғазинов.

Жетісу облысы Көксу аудандық ауруханасының бас дәрігері болып қызмет атқаратын Жаннұр Сырымов сол сапарында Меккеге мүгедек әкесін қажылыққа апарып, қайтып келе жатқан. Ол бортсерік қыздың хабарлауынан соң науқастың жанына жедел барып, көзінің айналасы мен беті ісіне бастағанын көрген.

"Жолаушыда анафилактикалық шок, яғни "Квинке ісінуі" байқалды. Егер 15-20 минут ішінде адамға медициналық көмек көрсетілмесе, өліп кетуі мүмкін. Бірден тиісті препаратты егіп, қан қысымын өлшедім, тілінің астына таблетка салдым. Жағдайы тұрақталған уақытта система қойдым. Әрі бортсерік қыз да көмектесті", - дейді дәрігер.

Басылым мәліметінше, Жаннұр Сырымов алғашқы қызметін санитарлық фельдшер болып бастаған. Көксу ауданындағы қызметіне дейін Алматыдағы Сызғанов атындағы ұлттық ғылыми хирургия орталығында бүйрек трансплантологиясы, урология және экстракорпоралды детоксикация бөлімшесінің меңгерушісі, Талдықорған қаласында аурухана басшысының орынбасары болған.
30 қаңтар 2025 ж. 259 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 117

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 115

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 112

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 99

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930