Топ-баннер
Топ-баннер2
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Білім саласын дамытуды көздейтін бағдарлама

Білім саласын дамытуды көздейтін бағдарлама


Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті мен Сеул Ұлттық Ғылым және технологиялар университетінің байланысы берік. Олай деуімізге себеп көп. Осыдан 1 жыл бұрын іргелі оқу орындары білім саласын дамыту жөніндегі ынтымақтастық орнатып, келісім жасады.

Қос тарап жыл бойы атқарылған жұмыстардың да жемісін көруде. Олардың дені информатика саласына бағытталған. Жүйелі жұмыстың нәтижесінде биыл өңірде Жасанды интеллект және информатика институты ашылып, алғашқы білім алушылары да қабылданды. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті дәл осы жобаның өзегіне үңіліп, жаңашылдыққа бет бұрған жастарға лайықты қолдау көрсетуде. Университетте Сеул ұлттық техникалық университетінің қаржыландыруымен 190 компьютер, 8 сервер, 5 зертхана жабдықталады. Студенттердің орыс және қазақ тілдерінен бөлек, ағылшын, корей тілдерінде білім алуына мол мүмкіндік бар. Биылғы жылы «Информатика», «Киберқауіпсіздік», «Компьютерлік бағдарламалау және бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу», «Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасы бойынша 100 білім гранты бөлінді. Келесі оқу жылынан бастап Сеул ұлттық ғылым және технологиялар университетімен «AI architect», «Data management» білім беру бағдарламалары бойынша қос дипломды оқыту жүйесі басталады.
11 қыркүйек 2024 ж. 290 0

Жеті сұлудың сарқырамасы

07 наурыз 2026 ж. 173

Алтын құрсақты ана

07 наурыз 2026 ж. 154

Талантымен топ жарғандар

07 наурыз 2026 ж. 137

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031