Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 2025 жылы әскери дайындыққа 3 мың қазақстандық шақырылады

2025 жылы әскери дайындыққа 3 мың қазақстандық шақырылады

Kyzylorda-news.kz2025 жылы әскери дайындыққа 3 мың әскери міндетті шақырылады. Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың тиісті бұйрығы "Ашық НҚА" порталында жарияланды. Құжат 7 ақпанға дейін талқылауға қолжетімді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әскери дайындық 2007 жылдан бастап жыл сайын өткізіледі және ұзақтығы 30 күнге дейін болады. Дайындыққа қатысудан жалтару 5 айлық есептік көрсеткіш (19 660 теңге) мөлшерінде айыппұл салуды қарастырады.

Әскери дайындық кезінде әскери қызметшілердің жұмыс орындары мен лауазымдары сақталады. Оларға орташа жалақы төленеді, ал жұмыс істемейтіндерге – мемлекеттік бюджет есебінен ең төменгі жалақы беріледі.

Әскери міндеттілерді жинақ орнына жеткізу және оларды кері қайтаратын көлік қызметі, сондай-ақ тамақтандыру Қорғаныс министрлігі есебінен жүзеге асырылады. Әскери міндеттілер казарма жағдайында ұсталады. Оларды бөлімнен босату ротаның командирлерімен жүзеге асырылады.

Айта кетейік, әскери дайындықтың негізгі мақсаты – әскери бөлімшелердің жауынгерлік және мобилизациялық дайындығын арттыру, бейбіт уақытта қысқартылған құрамда ұсталып тұратын бөлімшелер үшін дайындалған және жинақталған әскери дайын ресурстарды қалыптастыру.

2023 жылы қорғаныс министрлігі 1,5 мың қазақстандықты әскери дайындыққа шақырған болса, 2024 жылы – 3 мың адам шақырылды.

Фото: Нұрболат Нұржаубай
27 қаңтар 2025 ж. 206 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 116

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 115

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 112

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 99

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930