Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қорғаныс министрлігі әскери есепке алу саласында мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін қысқартуы мүмкін

Қорғаныс министрлігі әскери есепке алу саласында мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін қысқартуы мүмкін

Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Еліміздің Қорғаныс министрлігі Әскери есепке алу саласында мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін қысқарту ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.   
Министрлік өкілдері «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» қорғаныс ведомствосы басшысы бұйрығының жобасын әзірлегенін мәлімдеді. Бұл туралы аталған ведомствоның баспасөз қызметі мәлімдеді. 
Аталған өзгерістер 2017 жылғы 24 қаңтардағы «Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларын бекіту туралы» және 2019 жылғы 9 шілдедегі «Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне куәліктер беру қағидаларын бекіту туралы» екі бұйрыққа қатысты болып отыр. 
Нормативтік құқықтық құжат қағидаларды «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңның 12-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы қаулысымен бекітілген ҚР Қорғаныс министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 176) тармақшасына сәйкес келтіру мақсатында дайындалды. Ережелердегі кейбір техникалық түзетулермен қатар қызмет көрсету мерзімі үш жұмыс күніне дейін қысқарады. Бұл әскери міндеттілерге әскери билеттерді немесе олардың телнұсқаларын беруге және әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке қоюға қатысты, - деп жазылған министрлік хабарламасында. 
Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде осы жылдың 14 қарашасына дейін мына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15264085 сілтеме бойынша танысуға болады. 
02 қараша 2024 ж. 225 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 155

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 146

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 157

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031