Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Картоп сатуға шектеу енгізілді

Картоп сатуға шектеу енгізілді

Kyzylorda-news.kz Астанада танымал сауда желісінің супермаркеттерінде картопты 5 келіден артық сатуға шектеу енгізілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап хабарлады.

Елорданың супермаркеттерінің бірінде картопқа байланысты хабарландыру пайда бола бастаған. Онда бір адамға бірінші сортты картопты тек 5 келіден артық сатылмайтыны көрсетілген.

Астана әкімдігі мен сауда және интеграция министрлігі оқиғаға пікір білдірді. Елорданың инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы қалада картоп тапшылығы жоқ екенін жеткізді.

Өнім қаланың сауда желілері мен базарларының сөрелерінде жеткілікті көлемде ұсынылған екен. Ал ведомство оның қорлары уақытылы толықтырылып отыратынын жеткізді.

"Small және Spar желілерінде өнімді көтерме бағада сатып алуды болдырмау үшін картопты сатуға уақытша шектеу енгізілді. Мұнда бір адамға 5 келіден артық сатылмайды", – деп жауап берді басқарма.

Сондай-ақ сауда министрлігі елордада, жалпы Қазақстан бойынша картоп тапшылығы жоқ екенін растады.

Фото: Нұрболат Нұржаубай
24 қаңтар 2025 ж. 402 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31