Сұлтанов картоптың қымбаттауына не себеп болғанын айтты
Үкімет отырысында Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов картоп бағасының өсуіне не себеп болғанын айтты.
Министрдің сөзінше, былтыр экспорт 360 мың тонна көлемінде рекордтық мәнді құрады. Осылайша, картоп экспортының үлесі 19%-ды құрайды, бұл нарық тапшылығына әкеледі. Осыған орай, маусымаралық уақытта картопты импорттау қажеттілігі туындайды.
Бұл жағдай жылдан жылға қайталанып келеді. Бірақ осы мәселені басқарып жүйелі шешімдерді табуға Ауыл шаруашылығы министрлігін шақырғанымен, жергілікті атқарушы органдар аталған проблеманы жою бойынша тиісті шаралар қабылдамайды. Өткен жылы картоп экспортына тыйым салу арқылы ғана баға тұрақтандырылды, - деп айтты Сұлтанов.
Биыл төмен бағамен экспортталған отандық өнім қорлардың 3 есе қысқаруына әсер етті. Яғни 903 мың тоннадан 330 мың тоннаға дейін.
Аталған кезеңдегі теңгерімсіздікті толтыру үшін Иран мен Пәкістаннан 28 мың тонна қымбат импорттық картоп сатып алынды. Бұл отандық картопқа қарағанда үш есе қымбат. Сондай-ақ 4 айда картоп импорты өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 67 есе өсті, ал жыл басынан бері импорт бағасы 47%-ке жоғарлады, - деп атап өтті ол.
Бақыт Сұлтановтың айтуынша, әкімдіктер барлық қажетті тетіктері болса да, халықты қамтамасыз ету үшін ішкі нарықта картопты ұстай алмады.
Атап айтқанда, субсидиялау кезінде өндірушілерге «қарсы міндеттемелер» қойылмаған. Өңірлік тұрақтандыру қорларына картоп жеткілікті көлемде сатып алынбады, сондай-ақ форвардтық сатып алу және «айналым схемасы» сияқты нарықтық тетіктер толық пайдаланылмады. Аймақтардың тұрақтандыру қорларында қазіргі уақытта картоп қоры іс жүзінде жоқ, - дейді министр Үкіметте.
Сұлтанов Премьер-министрден қысқа мерзімде Ауыл шаруашылығы министрлігіне Сауда және интеграция министрлігімен бірлесіп, азық-түлік тауарларын өндіру мен тұтынудың болжамды теңгерімін әзірлеу туралы тапсырма беруін ұсынды.
Бұл бағаның өсу тәуекелдерін уақытылы анықтауға және бағаны тұрақтандыру бойынша алдын алу шараларын уақытылы енгізуге мүмкіндік береді.