Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Күндізгі стационардан қандай жағдайда ем алуға болады?

Күндізгі стационардан қандай жағдайда ем алуға болады?

Kyzylorda-news.kz Уақтылы емдеу – денсаулықты нығайтудың кепілі. Сондықтан күндізгі стационарлар жағдайында медициналық көмек көрсетуге ерекше көңіл бөлінеді. Бұл медициналық қызмет тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) аясында қолжетімді.

«ALEXEY SULTAN-AKHMET» емханасына 40 мыңға жуық қызылордалық тіркелген. Олардың қатарында Жетпісбай Ұрқашбаевта бар. Ақсақал жүрек ауруы бойынша есепте тұр. 80 жасқа толу қарсаңындкүндізгі стационарда емделуде. Ардагер қарттарға қамқорлық жасағаны және тегін медициналық қызметтерді алу мүмкіндігі үшін алғысын білдіреді.

«Осы емханаға тіркелгендіктен, отбасымызбен медициналық қызметтерді аламыз. Диспансерлік есепте тұрғандықтан, дәрі-дәрмектерді аламын. Жылына 1 реткүндізгі стационарда емделемін. Мұнда да екпелер, дәрі-дәрмектер, физиотерапиятегін қарастырылған», - дейді Жетпісбай Ұрқашбаев.

Ақсақал зейнеткер, сондықтан мемлекет есебінен МӘМС үшін жарна төленетін жеңілдікке ие 15 санат қатарына кіреді.

Дәрігерлердің айтуынша, күндізгі стационарда ТМККК аясында әлеуметтік маңызы бар, сондай-ақ динамикалық бақылауға жататын созылмалы аурулары бар пациенттерді емдеу қолжетімді.

«Динамикалық бақылау – созылмалы аурулармен есепте тұрған науқастардың денсаулық жағдайын жүйелі түрде бақылау. Әлеуметтік маңызды ауруларға туберкулез, гепатит, қатерлі ісіктер, қант диабеті және басқалар жатады. Жоспар бойынша күндізгі стационарда емдеу үшін пациентте учаскелік дәрігердің жолдамасы, зертханалық, аспаптық зерттеулердің нәтижелері, бейінді мамандардың кеңесі болуы тиіс. Сондықтан МӘМС жүйесінде сақтандырылған болу маңызды»,- деп атап өтті бөлімшенің терапевт Гүлназ Әбдікәрімова.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалының ақпараты бойынша 2025 жылы жоспарланған бюджет 112,03 млрд теңгені құрады, оның ішінде ТМККК –57,78 млрд теңге (51,58%),МӘМС –54,25 млрд теңге (48,42%).
23 қаңтар 2025 ж. 243 0

Азаматтар алғысқа бөленді

16 қыркүйек 2025 ж. 113

Шаршы алаңдағы шеберлік

16 қыркүйек 2025 ж. 102

Еңсесін тіктеген елді мекен

16 қыркүйек 2025 ж. 109

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930