Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Болашақ бағдарламасымен білім алғандарға елге қайтпауға рұқсат етілді

Болашақ бағдарламасымен білім алғандарға елге қайтпауға рұқсат етілді

Kyzylorda-news.kz Болашақ бағдарламасымен оқығандар енді белгілі бір шарттарын орындаса, елге қайтпауына болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

20 қаңтарда ғылым және жоғары білім министрлігі "Болашақ" стипендиясын алу және жүзеге асыру ережелеріне өзгерістер енгізілгенін хабарлады.

Жаңартылған ережеге сәйкес, іріктеуден өткендер ғана шәкіртақы ала алады. Бұрын жыл соңына дейін күту қажет болса, енді сол күнтізбелік жыл ішінде қайта өтініш беруге болады.

Осы уақытқа дейін стипендиаттар Қазақстанға оралып, елде кемінде бес жыл жұмыс істеуі керек еді. Бұл талап енді міндетті емес.

"Бағдарлама түлектерінің Қазақстан мүшелік ететін БҰҰ, ЮНЕСКО, ШЫҰ және ТМТ сияқты халықаралық ұйымдарда жұмыс тәжірибесінен өтуге мүмкіндігі бар”, – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

"Болашақ" мүшелері енді шетелде тек халықаралық ұйымдарда ғана емес, тағы екі нұсқа бойынша еңбек тәжірибесінен өте алады:

Акцияларының немесе жарғылық капиталының 50%-дан астамы Қазақстан Республикасына тиесілі компанияларда.
Акцияларының немесе жарғылық капиталының 50%-дан астамы Қазақстанның ұлттық компанияларына тиесілі компанияларда.
Тағы бір жаңалық мемлекеттік қызметкерлерге қатысты. Енді олар тіл курстарынан өту мүмкіндігімен шетелде магистратурада оқи алады. Министрлік атап өткендей, бұл мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыруға бағытталған.

Фото: Pixabay.com
21 қаңтар 2025 ж. 75 0

Халық саны артты

09 ақпан 2025 ж. 121

Жаңа тағайындаулар

09 ақпан 2025 ж. 139

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728