Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Көк тиыны жоқ аға баюды, 3-4 рет байға тиген апа бақытты отбасы болуды үйретеді

Көк тиыны жоқ аға баюды, 3-4 рет байға тиген апа бақытты отбасы болуды үйретеді

Фото: instagram.com/alzhapbarov
Негізі бай адам үйретпейді ғой. 
Актер әрі әзілкеш Қанат Әлжаппаров әлеуметтік желі арқылы халыққа баюды, бақытты отбасы болуды үйрететін кісілерді сынады, деп хабарлайды Sкifnews.kz ақпарат порталы.
Оның пайымдауынша, бүгінде қалтасында көк тиыны жоқ ағалар көпшілікке қалай баюды үйретіп жүр.
«Интернетті ашып қалсам, көк тиын ақшасы, я бизнесі жоқ аға баюдың жолын үйретіп отырады ғой. Негізі бай адам үйретпейді ғой? 3-4 рет күйеуге тиіп келген апа бақытты отбасы туралы айтып отырады ғой, миыңды ашытып... Қазақ жалқау халық деген сөз бар ғой.
Негізі біз жалқау емеспіз. Біздің сенгіштігімізді пайдаланып, бізге жұмыс істетпейді. Күректі алып, енді жұмыс істейін деп жатса, неге сен жұмыс істеп жатырсың, Шыңғыс ханның ұрпағысың сен деп айтады. Сол жерде күректі лақтырып жібересің, өйткені, ханның тұқымысың ғой. Сол жерде Шағатайдың інісі болып кетесің ғой. Сондықтан біреудің өсегіне сенбей, өзіміз үшін тірлік істеп жүрсек, біз әлемдегі ең бай ел боламыз деп ойлаймын», — деді әзілкеш.
17 қаңтар 2025 ж. 214 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 122

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 125

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930