Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Берекелі шаңырақ – мемлекет тұғыры

Берекелі шаңырақ – мемлекет тұғыры

Ұлт болашағының ең басты тұғыры, әрі ең басты іргетасы – отбасы. «Отан отбасынан басталады» деген сөздің де түп-төркіні осында жатыр десек жаңылмаспыз. Ұлттың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, ұлт болмысын сақтайтын ең басты «қойма» деуге әбден келеді. Ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, уақыт пен кеңістіктен аман сақтап, келешекке аманаттап тапсыратын әлеуметтік орта да – отбасы. Отбасы – кез келген мемлекет пен халықтың – бүгіні мен болашағы бүтіндігінің кепілі.
Қазақ отбасы құндылығына ертеден-ақ ерекше мән берген. «Отбасының өнегесі – Отан өнегесі», «Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер», «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің», «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» деген сынды нақылдар соның айғағы. Ұлтты өзгеден ерекшелеп, оның болмысын сақтауында отбасы рөлі басты маңызға ие.
Қазақ пайымында әрбір бала өз несібесімен дүниеге келеді деген түсінік бар. Мұндай үрдісті бұлжытпай сақтап, ел демографиясын дамытуға үлес қосып жатқандар саны өсіп тұрғаны іштей қуантады. Соның бірі – Қазалының тумасы Гүлнұр Кемалқызы. Ол көпбалалы отбасының отанасы. Бүгінде жұбайы – Ботабай Байбазаровпен бірге сегіз баланы тәрбиелеп отыр. Киелі шаңырақты құрғандарына биыл 22 жыл толады.
Қазір тұңғышы – Мағжан Қарағандыдағы Букетов атындағы университетте физика-математика маманы болуға әзірленуде. Оның ізіне ерген інісі – Нұржан да осы оқу орнында дәл сол мамандықтың иесі болуға машықталуда. Одан кейінгісі – Нұрай ауылдағы С.Сейфуллин атындағы №165 мектептің 11-сыныбында, Нұршат 8-сыныпта, Айзере 7-сыныпта оқиды. Нұрасыл 3-сыныпта және Нұртілек 2-сыныпта білім алса, Хамзасы 4 жаста.
Осы үйелмелі-сүйелмелі балаларын қатарларынан кем қылмай жеткізуде отағасы – Балтабай Елубайұлының еңбегі ерек. Үйдің асыраушысы аудандық оқушылар үйінде күзетші болып жұмыс істейді. Ал Гүлнұр үй шаруашылығында ұл-қыздарын күтіп-баптаумен айналысады. Дегенмен айналадан көмек сұрап, ешкімнің мазасын алған емес. Өз күштерімен көне үйді бұзып, жаңадан тұрғызған.
– Кейбіреулер ойлайды, тіптен айтатындары да бар: Неге сонша баланы дүниеге әкеле бересің? деп. Құдай берсе, көпбалалы болғанға не жетсін. Шүкір өздерінікі өздеріне жетеді. Ешкімнен көмек сұраған емеспіз. Күйеуім ауысымын атқарғаннан кейін қарап жатпауға тырысады. Жастайынан ұсталық өнерді меңгерген. Ағаштан есік-терезе әзірледі. Осы күні үй салуға бейімделіп жүр.
Қазіргі үйімізді тұңғышыммен бірге салған болатын. Ол кезде бағаның бұлай шарықтамаған шағы болды ма, әйтеуір оның айлығын асқатық қылдық. Ал бала қаражатын құрылыс жабдықтарына жұмсағанбыз. Сөйтіп екі-үш жылда ішіне кірдік. Күнкөрісіміз біреуден ілгері, біреуден кейін емеспіз. Көршілерім де жақсы адамдар, – дейді Гүлнұр Байбетова.
Көпбалалы ананың айтуынша, бір баласының денсаулығынан кінәрат болды. Ұршығы шығып кеткен. Сөзінше, оны тек 1,5 жасында байқаған. Содан бері бірнеше рет наркозбен ота жасалған. Ал оның зиян тұсы – баланы ұмытшақтық пен жүйке жүйесіне әсері басым. Дегенмен жасөспірімнің сабаққа зейіні жақсы. Алайда есте сақтау қиындық туғызатындықтан 9-сыныпта колледжге баруды мақсат тұтуда. Алғашында мамандар ІІ-топ қатарына қосса, қазір ол 3-топқа түскен. Не үшін? деген сауал туары заңдылық. Бұған дәрігерлер: Өздігінен жүре алады деп жауап берген екен.
– Жылына екі рет тексеруден өткізіп, ауруханаға жатқызамыз. Ота жасалған кезде сабақты үйден оқыды. Былтыр екі рет отадан өтті. Ұршығына гипс қойылды. 2,5 жасынан бері операция жасалып, гипс кигізумен келеміз. Оң жақ ұршығы сәл жақсылау, тек сол жағындағы ұршығы қатты желініп тұр, – дейді көпбалалы ана.
Гүлнұрдың пайымынша, мерейлі отбасы болудың маңызды діңгегі – отбасында ұлттық салт-дәстүрді сақтау, әдет-ғұрыптарды ұмытпау.
Біздің кейіпкерді отбасында қазақ шаңырағына тән тәлім-тәрбиенің бәрі бар. Яғни әке мен ана рөліне, бала тәрбиесіне маңызды орын берілген.
– Қазақы түсінік бойынша әке баланы ұрмаған, керісінше әкенің ызғарын ұл-қызы оның қабағынан ұғатын болған. «Әке – асқар тау, ана – баурайындағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ» деген сөзге отбасындағы тәрбие тұтас еніп кетеді. Әкесін пана тұтып, ана мейіріміне қанып өскен ұрпақ та өнегелі болады. Біздің отбасында да солай. Балтабай келгенде балалары алдынан шығып, әкенің тапқан табысына қанша болса да, қанағатпен, ризашылықпен қарап үйренген. Ал бала тәрбиесіне құрсақтан бастап мән беру керек деп ойлаймын, – дейді ол.

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
14 қаңтар 2025 ж. 51 0

Дубайда жеңімпаз атанды

14 қаңтар 2025 ж. 24

Есірткі туралы ертегі

14 қаңтар 2025 ж. 77

Жақсы өнер – жігіт ырысы

14 қаңтар 2025 ж. 58

Алтынай алар асу көп

14 қаңтар 2025 ж. 53

Талаптыға табыс көп

14 қаңтар 2025 ж. 47

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031