Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауыл кәсібін өрлеткен

Ауыл кәсібін өрлеткен

Еңбек ету – адамзаттың тіршілік көзі, тәрбие бастауы. Ол – әлеуметтік құрылымдардың маңызды бөлшегіне айналуы тиіс. Еңбек идеясы – азаматтық құлшынысты арттырып, қоғамды топтастырушы, идеялық-бағдарлық ұйыстырушыға айнала алады. Қоғамның барлық тобына тән еңбек идеясы адамдарды әлеуметтік мәртебесіне бөліп қарамастан барлығын толық қамтитын әлеуетке ие. Осындай елеулі еңбегімен ілгері басып, өрге озған азаматтардың бірі – өзінің ұзақ жылдық маңдай термен бастаған кәсібінің берекесін көрген Қазалы ауданы, Жанқожа батыр ауылының тұрғыны Қонысбай Ниеталы. Бала кезден күйбең тірлікке шыңдалған азамат «Руслан» шаруа қожалығын құрған болатын. Бұл күні шаруа қожалығына бар күш-жігерін жұмсап, барынша жан-жақты дамытып отыр.
Қонысбай Жеткергенұлы төрт жыл бұрын «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының Қызылорда филиалынан он жылға отыз миллион теңгеге несие алған болатын. Іскер кәсіпкер қомақты қаражатқа екі бура мен 34 бас аналық түйе сатып алды. Нәтижесінде мал шаруашылығын дамыту бағдарламасының арқасында түйе басын көбейтудің қамын жасауға білек сыбана кірісті.
Оның айтуынша, «Ауылшаруашылықты қаржылай қолдау қоры» Еңбек бағдарламасы аясында мал шаруашылығын дамытуға арналған несие береді. Қаржы жеке кәсіпкер, шаруа қожалығы, заңды тұлғалар сынды мақсатты топтарға ұсынылды. Бөлінген қаражат арқылы ірі қара малы, жылқы, қой мен ешкі және жем-шөп сатып алу мүмкіндігіне ие болды. Несие 10 жылдық мерзімге 6 проценттік жеңілдікпен берілді.
Бүгінде Қонысбай Жеткергенұлының иелігінде 1190 гектар аумақты алып жатқан жері бар. Мұнда түйеден бөлек 150 бас жылқы бағады. Ал Қарақұмда 100-дей қой-ешкі 150 бас сиыр бағады. Жұмыспен қамту орталығы арқылы екі адамды алып отыр. Сондай-ақ қосымша тағы екі мал бағушыны жұмыспен қамтуда.
Жалпы іскер жан атакәсіппен жиырма жылға жуық уақыт айналысып келеді. Еңбекқор азаматтың негізгі мамандығы зоотехник. Алғашында «Сыбаға» бағдарламасымен несие рәсімдейді. Кейін ауылды қаржылай қолдау қорынан қаражат алады. Бұған дейін «Казагрофинанс» арқылы «МТВ-80» тракторын, шөпті нығыздап, жинайтын техника мен «КамАз» автокөлігін алған. Төрт түлікті түлетуде тәжірибесі де аз емес. Шәкен ауылында бірнеше жыл шаруа қожалығын басқарған.
– Бала кезден күнге маңдайымыз күйіп шыныққан дала еңбекерлері қатарынанмын. Малды бағып, оның бабын жасау ата-бабадан қанмен берілген деп есептеймін. Қаншама мал басын қарау үшін арнайы құрал-жабдық қажет. Шөп орып, жинау мен тасуға адам күші әрі уақыт жетіспейді. Сондықтан арнайы техникаға қол жеткізіп, жұмыс барысын жеңілдетуге тырысамын.
Қазір мүйізді ірі қара сүтін сауып, айран мен құрт, ірімшік өнімдерін ауылдағы тұрақты тұтынушыларым мен аудан орталығындағы сауда орындарына өткіземін. Бәрі табиғи таза өнім болғандықтан лезде сатып алушы табылады, – дейді Қонысбай Ниеталы.
Ізденімпаз шаруақожалығының иесі қазір зейнет жасында. Соған қарамастан кез келген істі ұршықша иіріп әкетердей күш-қуатқа толы жан ширақ әрі тың десек тым жаңылмаспыз. Себебі таң атпастан, мал жайлағандықтан дене ширап, қан айналымы жақсарады екен. Қашанда маңдай термен тапқан нан берекелі болатынның дәлелі – төрт түлік өсіру десек қате айтпаймыз.
Алпыстан асқан ағеден жанның алға қойған жоспарлары көп. Дегенмен мал азығы мен түрлі қажетті құрал бағаларының көтерілуі шаруақожалығының ісіне кедергі болуда. Сондықтан төрт түлікті баптап ұстауға мемлекеттен демеу болса, нұр үстіне нұр борлар еді деген үмітін жасырмады Қонысбай Ниеталы.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА


11 қаңтар 2025 ж. 38 0

Ауыл кәсібін өрлеткен

11 қаңтар 2025 ж. 39

«Есірткі жайлы ертегі»

10 қаңтар 2025 ж. 89

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031