Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Түркістандық бала әлемдік рекордты жаңартпақ

Түркістандық бала әлемдік рекордты жаңартпақ

Фото: дереккөзден
Түркістан облысында тұратын 14 жастағы Мейрамбек Сілеусінов допты жерге түсірмей, 7994 рет тепкен. Спорт сарапшыларының айтуынша, бұл әлемдегі ең жоғары көрсеткіш. Бұл туралы
Aikyn.kz 24.KZ телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды. Ол 2 сағаттан астам уақыт бойы допты жерге түсірмей 7994 рет тепкен.

Мейрамбек Сілеусінов доп тебуден "Ордабасы" футбол академиясы ұйымдастырған сайыста 2 сағаттан астам уақыт бойы допты жерге түсірмей 7994 рет тепкен. Десе де Мейрамбектің нәтижесі әлем рекорды ретінде ресми түрде әлі бекітілген жоқ.

– Жарысқа 1 аптадай дайындалдым. Теңертең сабаққа кетемін, түсте келген сайын күніге 2-3 мың рет доп тебемін. Жарысқа барғанда қорықпадым. 8 мыңды істеймін дедім, кейін бас жүлдені алдым", - деді Мейрамбек.

Ол 3 жылдан бері футболмен айналысады. Оны бұған ағасы Бекарыс баулыған. Ол інісінің ерекше қабілетке ие екенін байқап күн сайын бос уақытында доп тебуді үйреткен.

"Мейрамбек өзі жастайынан допқа құмар болды. Осыны байқағаннан кейін қызығушылығын ояту мақсатында доп алып, дайындығын күшейте бастадық. Жалпы жетістікке жету үшін, ең алдымен, шыдам керек. Адам шыдаса ғана нәтижеге жететіні анық", - деді Мейрамбектің ағасы Бекарыс Тойлыбаев.

Мейрамбектің рекорды әзірге құжат жүзінде бекітілмеген. Бірақ оның 3 сағатқа жуық допты түсірмей тепкенін дәлелдейтін видеолары бар. Егер рекордтар кітабына енгізу үшін қайта доп тептірсе оған да дайын. Ал оқушының осы көрсеткішіне қарап, оны үлкен футбол клубтары шақырта бастаған.

"Біздің ойымыз қазір бұл баланы ауданнан алып кету керек. Ағасына да айттық. Енді ағасы жақында інісі екеуі Шымкентке көшпекші. Содан кейін біз академияға аламыз. Ол жерден жақсы ойнаса, өзіміздің Ордабасыға шақырамыз. Ары қарай жататын жерін де, тамағын да "Ордабасы", Оңтүстік академия төлейді", - деді "Ордабасы" футбол академиясының өкілі Арман Пірманов.

8-сыныпта оқитын Мейрамбек болашақта Қазақстан ұлттық құрамасы сапында ойнауды армандайды. Сонымен қатар доп тебуден өз рекордын 10 мыңға жеткізіп, әлемде бірінші болуды қалайды.
10 қаңтар 2025 ж. 84 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 119

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 123

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 115

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 101

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930