Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Хирургтер қыздың асқазанынан уыс шаш алып шықты

Хирургтер қыздың асқазанынан уыс шаш алып шықты

Фото: depositphotos.com
Павлодарлық хирургтер қыздың асқазанынан уыс шаш алып шықты. Ота бір жарым сағат уақытқа созылды, - деп хабарлайды
Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Жедел жәрдем жасөспірімді шұғыл түрде тамақ ішкеннен кейін іштің ауыруы, құсу, асқазан аймағында ісік пайда болуы шағымдармен облыстық балалар ауруханасына жеткізді. 10 жастағы қыздың асқазан-ішек жолдарында уыс шаш табылды.
"Асқазан мен он екі елі ішектен тамақпен араласқан шаш уыс алынып тасталды. Ота тұрақты және асқынусыз өтті", - деді хирург Әсем Дәулетова.
Отадан кейін баланың жағдайын тұрақтандыру үшін оны реанимация бөліміне бірнеше күнге жатқызды.
Мұндай трихобезоар – органдарда шаштың жиналуы – созылмалы күйзеліске ұшыраған немесе витамин тапшылығы бар адамдарда пайда болуы мүмкін.
Психолог Айнагүл Шүкірованың пікірінше, балалардың мұндай мінез-құлқының басты себебі – жақындарынан алыстау, қорқыныш, күйзелістік жағдайлар кезіндегі алаңдаушылық, мысалы, ата-анасының ажырасуы немесе жақын адамынан айырылу.
09 қаңтар 2025 ж. 132 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30