Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Күнді жылы су ішуден бастаңыз

Күнді жылы су ішуден бастаңыз

Таңертең су ішуге қатысты түрлі мифтер айтылады, бірақ оның, шынында да, үлкен пайдасы болуы мүмкін. Кейбір диетологтар сондықтан оянғаннан кейін бөлме температурасында бір кесе су ішуді ұсынады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Гастроэнтеролог Нурия Дианова Sputnik радиосына берген сұхбатында аш қарынға бір кесе су ішудің бірнеше себебін атады. Сарапшының пікірінше, бұл әдет:

Асқазан-ішек жолдарының жұмысын қалыпқа келтіреді;
Терінің өңін келтіріп, күйін жақсартады.
Маман бөлме температурасындағы су ғана мұндай қасиеттерге ие екенін айтады. Ал бір кесе суық су денені оянғаннан кейін бірден күйзеліске түсіруі мүмкін.

"Гастроэнтерология тұрғысынан негізгі рефлекстердің бірі - асқазан-ішек жолдарының іске қосылуы, яғни аш қарынға су ішу ішек моторикасын дамытады", - деп түсіндіреді сарапшы.

Неліктен таңертең су ішу керек?

Оянғаннан кейін бірден бір кесе су ішу ұйқының ашылуына көмектеседі. Егер оны төсекке жақын маңдағы үстелдің үстіне қойып, оянғаннан кейін бірден ішсеңіз, содан кейін төсекке қайта жатқыңыз келмеуі мүмкін.

Лимон қосылған су: пайдасы немесе зияны бар ма?

Суға цитрус шырынын қосудың ағзаға пайдасы бар екені туралы ғылыми дәлел жоқ: мысалы, жарты лимон С витаминінің күнделікті мөлшерінің 18 пайызымен қамтамасыз етеді, бірақ кивидің төрттен бір бөлігінде оны көбірек алуға болады. Сонымен қатар, лимон шырыны көптеген аурудың дамуына әсер етуі мүмкін:

Лимон шырынының көп концентрациясы тіс эмалына теріс әсер етеді;
Лимон қышқылы асқазан-ішек жолдарының ойық жаралы және эрозиялық зақымдануынан қалпына келуін баяулатады.
18 маусым 2023 ж. 257 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 119

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 118

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 114

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 101

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930