Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Өзбекстанда электронды темекіге тыйым салынуы мүмкін

Өзбекстанда электронды темекіге тыйым салынуы мүмкін

Елдің заң шығарушы органы - Олий Мәжіліс депутаттары құжатты бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
Заңда электронды темекіні өндіруге, сақтауға, елге әкелуге және шығаруға болмайды деп көрсетілген. Елдің Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше кейінгі 2 жылда Өзбекстан шеттен құны 30 млн долларға электронды темекі импорттаған. Контрабандалық жолмен тасымалданған тауар да аз емес. Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше электронды темекіні ересектерге қарағанда жасөспірімдер көп тұтынады.
Мектептерге жүргізілген рейд барысында оқушылардың шылымға деген әуестігі жыл сайын артып барады екен. Мәселен 2019 жылы 6 дерек тіркелсе, 2023 жылы көрсеткіш мың оқушыдан асқан.
Электронды темекіні тұтынатындардың дені жастар болса, оның ішінде қыздарымыз да бар. Жастар - бұл біздің болашағымыз, - деді Милий Мәжілісінің депутаты Алишер Кадыров.
Егер қазір шұғыл әрекет жасамасақ, 20 жылдан кейін ешқандай заң да, мемлекеттік бағдарлама да бізге көмектесе алмайды. "Милий тикланиш" демократиялық партиясының депутаттары электронды темекіге тыйым салу туралы ұсынысты 2021 жылы көтергендерін, алайда оны Сенат қайтарып жібергенін еске салды.
Орталық Азияның 3 мемлекеті Қазақстан, Қырғызстан, Түркіменстан былтыр электронды темекіге заңды түрде тыйым салды. Тәжікстанда тек белгіленген жерлерде ғана шегуге рұқсат бар.
Өзбекстанның билік партиясы бастамашылық жасаған заң жобасы кешікпей қабылдануы мүмкін. Сөйтіп электронды темекіге тыйым салған әлемнің 40 мемлекетінің бірі болмақ.
09 қаңтар 2025 ж. 120 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 122

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 125

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930