Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қандастарды қабылдаудың 2025 жылға арналған өңірлік квотасы бекітілді

Қандастарды қабылдаудың 2025 жылға арналған өңірлік квотасы бекітілді

Қоныс аударушылардың басым бөлігі Солтүстік өңірлерге жіберіледі.
Фото: gov.kz
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2025 жылға арналған өңірлік квотасы 9 653 адам деп белгіленді, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 170 адамға артық, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
2025 жылы өңірлік квота облыстар бойынша төмендегідей бөлінді:
— қандастар үшін: Павлодар облысы — 1 056 адам, Ақмола облысы — 285 адам, Шығыс Қазақстан облысы — 269 адам, Абай облысы — 244 адам, Солтүстік Қазақстан облысы — 175 адам, Қостанай облысы — 150 адам, Атырау облысы — 100 адам, Батыс Қазақстан облысы — 30 адам;
— қоныс аударушылар үшін: Павлодар облысы — 3 050 адам, Солтүстік Қазақстан облысы — 2 969 адам, Қостанай облысы — 535 адам, Шығыс Қазақстан облысы — 372 адам, Абай облысы — 255 адам, Ұлытау облысы — 125 адам, Қарағанды облысы — 38 адам.
Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген адамдарға мемлекеттік қолдау шарасы көрсетілетін болады, атап айтқанда:
— көшуге субсидиялар — отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК бойынша біржолғы төлем;
— 12 ай ішінде бір отбасына 15-тен 30 АЕК-ке дейін төленетін тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды жабу үшін субсидиялар;
— 400 АЕК мөлшерінде қоныс аударуға жәрдем көрсететін жұмыс берушілер үшін субсидиялар;
— қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жолдама;
— жұмысқа орналасуға немесе кәсіпкерлік бастаманы дамытуға жәрдемдесу;
— тұрғын үй сатып алуға экономикалық мобильділік сертификаттарын беру.
Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылы 19,7 мыңнан астам этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды.
1991 жылдан бастап 2025 жылғы 1 қаңтар аралығында 1 млн 148 мың астам этникалық қазақ тарихи отанына оралды.
08 қаңтар 2025 ж. 328 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 34

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 166

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 135

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 126

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 118

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031