Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда тағам таситын курьерлерге қандай талап қойылады

Қазақстанда тағам таситын курьерлерге қандай талап қойылады

Бұл талапты Сауда министрлігіне қарасты Техникалық реттеу және метрология комитеті қойып отыр
Almaty.tvҚазақстанда тағам таситын курьерлерге талап қатаңдатылды. Жаңа жылдан бастап күшіне енген жаңа ереже бойынша енді жеткізушінің жеке деректері тексеріледі, деп хабарлайды Almaty.tv.
Нұрбол Әшімовтің курьер болып жұмыс істеп жүргеніне 2 жылдан асқан. Ол тағам таситындардың медициналық кітапшасы болуы керек, гигиеналық дайындықтан өтуі қажет деген талаппен келіспейтінін жеткізді.
"Негізі күнделікті медициналық тексерістен өту деген қате шешім, уақыт алады. Сағат 9:00-ден түнгі 11:00-ге дейін шамалы ақша табамыз.  Ал сағат 8:00-ден кешкі 8:00-ге дейін істесек, тек тамақ үшін жұмыс істейміз", – деді курьер Нұрбол Әшімов.
Жеткізушінің медициналық кітапшасы мен гигиеналық дайындығы болуы керек деген талапты Сауда министрлігіне қарасты Техникалық реттеу және метрология комитеті қойып отыр. Құжатта курьердің мінез-құлық сипаты, көпшілікпен қарым-қатынасы да ескерілген. Ал тұтынушыға жеткізілетін тапсырыстың қауіпсіздігі мен сыртқы зақымдануын анықтау үшін өнімді тексеру мүмкіндігі берілген. Бастамашылардың сөзінше, жаңа норма тамақ жеткізу қызметі сапасын арттыруға бағытталған.
"Құжат жеткізу әдістерін ұйымдастыруға және қызмет көрсету шарттарына қойылатын талаптарын белгілейді. Стандарт қоғамдық тамақтандыру өнімдері қызметін жеткізу сапасын жетілдіруге, процесті ұйымдастырудың бірыңғай тәсілін жасауға және тұтынушылардың ризашылығын арттыруға бағытталған", – деді ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің басқарма басшысы Нұрбек Қазбек.
Айтпақшы, бұл талап бірінші қаңтардан бастап қолданыла бастады. Бір ескере кететін жайт, әуелде айтылған стандарттар міндетті емес. Курьерлер талапты ерікті түрде орындайды. Ал оны орындамағаны үшін курьерлер мен жеткізу қызметімен айналысатын операторлар әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды. 


08 қаңтар 2025 ж. 155 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 122

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 125

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930