Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде тиімді колледждердің экожүйесі құрылады

Елімізде тиімді колледждердің экожүйесі құрылады

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет отырысында «Жұмысшы мамандықтар» жылында кәсіптік-техникалық білім беру жүйесі қалай реформаланатынын айтты.
Фото: Талғатжан Мұхаметбекұлы/Kazinform
— Бізге техникалық білім жүйесінің реформасы қажет. Осы бағытта қандай жұмыс атқарылып жатыр, — деп сұрады Премьер-министр Олжас Бектенов.

Министр Ғани Бейсембаев бұл бағытта арнайы жол картасы бекітілгенін мәлім етті. 

— Жалпы осы «Жұмысшы мамандықтар» жылы аясында кәсіптік-техникалық білімді трансформациялауға басымдық беріледі. Бұл бағытта министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен бірге кадр даярлаудың сапасын арттыру, цифрлық технологияларды және халықаралық стандарттарды ыңғайластыру және жалпы колледж, бизнес, ЖОО-лардың ынтымақтастығын күшейту бағытында жол картасын бекітіп отыр. Бұл Жол картасы тиімді колледждердің экожүйесін құруға нәтижелі көмек береді деген үміт бар, — деді ведомство басшысы.

Еске салсақ, бұған дейін жекеменшік және мемлекеттік колледж педагогтерінің жалақысы теңестірілетінін жаздық. Сонымен қатар, Президент Жарлығымен 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтарының» жылы деп жарияланған еді.

08 қаңтар 2025 ж. 122 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031