Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Салмақты пайым, сүбелі сұхбат

Салмақты пайым, сүбелі сұхбат

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ана тілі” газетінің тілшісіне берген “Мақсатым - экономиканы және егемендікті нығайту” тақырыбындағы сұхбаты маған ұнады. Қойылған сұрақтарға ашық және сенімді жауап беру арқылы бұл сұхбат есте қалды. Алынған сұхбат ауыр сәттерді де айналып өтпеді. Былтырғы тасқын еліміз үшін зор сынақ болды. Бір ел, бір халық болып, жұдырықтай жұмыла білсек қана мұндай апаттарды еңсере алатынымызға бәріміз көз жеткіздік.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Таза Қазақстан» дегеніміз көше тазалаудан әлдеқайда ауқымды ұғым екенін және Халықтың бұл бастамаға барынша қолдау білдіргеніне ризалығын білдірді.
Мемлекет басшысы «Заң мен тәртіп» қағидасы құқық қорғау саласына ғана арналмағанын, ол бәрімізге ортақ екеніне баса назар аударды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы өз сұхбатында біраз мәселеге тоқталды. Ендігі біздің міндет – сол айтылғандарды өз ойымызда қорытып, әрі қарай кім не істеуі керек екенін білу. Мысалы, біз білім саласының қызметкерлері болашақ жастардың дұрыс тәрбие алуына, жан-жақты білімді болып қалыптасуына ықпал етуіміз керек. Ол үшін мұғалімнің өзі мықты маман, үлгілі ұстаз болуы керек емес пе?! Демек, заман талабына сай жақсы мамандарды мектепке көптеп тарту керек.
ҚР азаматы ретінде мен үшін Президент көтерген аса маңызды мәселе - саяси және экономикалық жүйенің тиімділігін арттыру мәселесі болды. Бүгінгі таңда Президент қабылдаған өзгерістер халыққа өте қажет! Айтылған өзгерістер арқылы оң нәтижеге қол жеткізу үшін біз Президентімізді қолдауымыз керек және оларды жүзеге асыруға аянбай өз үлесімізді қосуымыз керек. Президенттің дұрыс шешімдерінің, оның дипломатиясының және көрші мемлкеттердің қолдауының арқасында біз еліміздегі бейбітшілік пен тыныштықты сақтай алдық.

Ел бейбітшілігі мен амандығын сақтау маңызды. Тек біртұтас халық бола отырып, Мемлекет басшысын қолдай отырып, біз елімізді жаңа жоғары деңгейге көтере аламыз.
Ләззат Ізбасқан,
Ы.Алтынсарин атындағы
№204 мектептің директоры
07 қаңтар 2025 ж. 120 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031