Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа әкім тағайындалды

Жаңа әкім тағайындалды

Нұралхан Көшеров Түркістан облысының әкімі лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Нұралхан Оралбайұлы Көшеров Түркістан облысының әкімі лауазымына тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.

Жаңа әкім туралы не белгілі?
Көшеров Нұралхан Оралбайұлы 1984 жылы 20 желтоқсанда Шымкент қаласында дүниеге келген. Білімі - жоғарғы.

2005 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік-Қазақстан Мемлекеттік университетін; 2007 жылы Қазақ Гуманитарлық заң университетін; 2019 жылы- Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясы жоғары білім беретін мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесін тәмамдаған Мамандығы - Экономист; қаржы және несие; құқықтану салалары.

2023 жылдан бастап Түркістан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Бұған дейін облыс әкімі кім болды?
Айта кетейік, бұған дейін Түркістан облысының әкімі қызметін Дархан Сатыбалды атқарды. Ол бұл қызметті 2022 жылғы 31 тамыздан бастап бүгінге дейін атқарды. 2025 жылғы 6 қаңтарда Дархан Сатыбалды Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды.
06 қаңтар 2025 ж. 290 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 115

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 114

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 111

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 98

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930