Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Алтын домбыра» иегерін күтіп алды

«Алтын домбыра» иегерін күтіп алды

"Қорқыт Ата әуежайынан" Астана қаласында өткен "Төрлет, еңбек адамы" тақырыбындағы республикалық ақындар айтысының «Алтын домбыра» иегері атанған, күні кеше Ұлытау облысында өткен республикалық ақындар айтысының бас жүлдесі - темір тұлпарды иеленген Сыр айтысының сұңқары Мейірбек Сұлтанханды жерлестері күтіп алды.
"Облыстың бас ақыны" атанған Маханбетқали Тұрсановтан бастап Мұхтар Ниязовқа дейінгі аралықта Сыр бойынан қаншама айтыс саңлақтары шықты. Осыдан 12 жыл бұрын Мұхтар Ниязов алғаш рет «Алтын домбыраны» жеңіп алып, осы жетістігін тағы да екі рет қайталап, үш мәрте «Алтын домбыра» иегері атанды. Қазіргі таңда «Алтын домбыра» облыстық тарихи- өлкетану музейінен орын алған.
Мейірбек Сұлтанхан Шиелі ауданының тумасы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің магистранты.
Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының мүшесі. Мәдениет саласының үздігі, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты.2006 жылдан бері сөз сайыстарында әрдайым бас бәйге мен бірінші орынды иеленіп келеді. Қазақтың айтыс өнерінің бар құдіретін бойына сіңірген, шашасына шаң жұқтырмас дарабоз дәрежесіне жеткен Мейірбек Сұлтанханның «Алтын домбыра» айтысындағы жеңісі - сол жеңістерінің жалғасы.Ертең ақынның туған жері Шиелі ауданында «Руханият орталығының" ашылуы және «Алтын домбыраны» табыстау рәсімі өтеді.
Айтулы шараға Сыр елінің құрметті қонақтары, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман, Мәжіліс депутаты, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Аманжол Әлтай, Сенат депутаты, журналист, Нұртөре Жүсіп және ақын Өміржан Көпбосын қатысады.
04 қаңтар 2025 ж. 367 0

Ұрпағы ұлықтаған Самұрат би

31 желтоқсан 2025 ж. 143

Кәсіпкерлікке қолдау кең

31 желтоқсан 2025 ж. 155

Шаттық сыйлаған шырша тойы

31 желтоқсан 2025 ж. 166

Аудан әкімі ауылдарды аралады

31 желтоқсан 2025 ж. 156

Аудан әкімінің құттықтауы

31 желтоқсан 2025 ж. 160

Жылан жылындағы жақсы істер

31 желтоқсан 2025 ж. 132

Жылқы жылынан не күтеміз?

31 желтоқсан 2025 ж. 166

365 күндегі 100-ші басылым

31 желтоқсан 2025 ж. 133

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031