Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жылан жылынан не күтеміз?

Жылан жылынан не күтеміз?

Тағы бір жыл тарих қойнауына өтпек. Қазекем «жылдың жаманы жоқ» дейді. Алайда халқымыздың әр жылға өзінше сипаттама беретін әдеті бар. Барлығымыз да жаңа жылдағы жақсылыққа үміттіміз. Сонымен, келе жатқан Жылан жылында не өзгермек?

Қазақта «Жылан жылы жылыс болды, жылқы жылы ұрыс болды, қой жылы зеңгер тоғыс болды» деген тәмсіл бар. Кіргелі жатқан жаңа жыл – жылан жылы. Тарихта бұл кезең түрлі оқиғалармен есте қалған. 1917 жылғы Қазан революциясы, 1929 жылғы ашаршылық, 1941 жылы соғыстың басталуы – жылан жыл белгісімен тұспа-тұс келіпті. Дегенмен қазақ жылан жылын тек жақсылыққа жорыған.
2025 жыл ел үшін жағымды жаңалықпен басталмақ. Қазақстан экономикасы 2025 жылы 5,5 процент өсім көрсетуі ықтимал. Мұндай болжамды Еуразиялық даму банкінің сарапшылары жасады. Экономиканың өсіміне бюджет саясаты, базалық мөлшерлемені төмендету, мұнай өндірісінің артуы және мемлекеттік ірі инфрақұрылым жобаларды жүзеге асыруы ықпал етпек. Қазақстан 2025 жылы Теңіз кен орнын кеңейту жобасын аяқтауды жоспарлап отыр. Кеңейту жобасы аяқталса, өндірілетін мұнай көлемі 40 процентке артады. Ел бюджетінің басым бөлігі мұнайдан түскен салықтан қалыптасатындықтан, өндірістің артуы ел экономикасының дамуына ықпал етеді. Қаржы ұйымы 2025 жылы Қазақстандағы инфляция төмендейді деп болжайды. Болжам бойынша, 2025 жылы инфляция орта есеппен 7,3 процентті құрауы ықтимал. Оған Ұлттық банк ұстанған ақша-несие саясаты себеп болады. Қаржы ұйымы 2025 жылы теңге біршама нығаяды деп тұжырымдайды. 1 доллар орта есеппен 486 теңгеге сатылуы ықтимал.
Сонымен қатар 1 қаңтарда «2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң күшіне енеді. Осыған байланысты айлық есептік көрсеткіш көлемі 240 теңгеге ұлғайып, ең төменгі жалақы мөлшері – 85 мың теңге болады. Ал ең төменгі күнкөріс деңгейі 46 мыңнан асады. Еңбегінің бейнетін көріп отырған жандардың да базалық зейнетақысы 6,5 процентке көтеріледі. Бұл ретте төлемнің ең төменгі мөлшері 95 мыңнан асса, ең жоғарысы 213 мың теңгенің айналасында болмақ. Бірақ айлық есептік көрсеткіштің ұлғаюы айыппұлдар көлемінің артуына да ықпал ететіні жасырын емес.
Жалпыға бірдей декларацияны бұған дейін 2025 жылы барлық қазақстандық тапсырады деп жоспарланған. Бірақ көпшілік алаң болды. Сол үшін Мемлекет басшысы декларацияға қатысты мәселені тағы пысықтауды тапсырды. Бұл пәрменнен кейін елдегі мемлекеттік органдар базасы барынша цифрландырылып, шоттар бойынша дерек алмасу жолға қойылды. Жеке тұлғалардың активтері туралы барлық ақпарат билікте бар. Сондықтан келер жылы табысы туралы есепті 8 миллион халықтың бәрі тапсырмайды. Тек жеке кәсіпкерлер, құны 70 миллион теңгеден асатын мүлікті сатып алған мемлекеттік қызметкерлер, квазимемлекеттік сектор басшылары мен олардың жұбайлары, сондай-ақ өзге мемлекетте мүлкі немесе шетелдік банкте қаржысы бар азаматтар ғана тапсырады. Сондай-ақ тұтынушылар мен саудагерлер үшін – банкаралық QR-төлемдер іске қосылады. Яғни пайдаланушыларға қай банктің қосымшасы болмасын, ортақ жүйеге келтірілген бір терминалда QR-код арқылы сауда жасауға мүмкіндік беріледі. Жаңа Салық Кодексі қабылданады деп жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, халықтың қауіпсіздік мәселесі де басты назарда. Табиғи апаттың алдын алу шаралары қолға алынбақ. Бірінші жартыжылдықта Алматы қаласындағы ғимараттарға Жапонияның, АҚШ-тың және Израильдің тәжірибесімен сейсмикалық күшейту жүргізіледі. Елге Қырғызстаннан темір тұлпар әкелуге тыйым салынбақ. Бұл сол мемлекетте кедендік рәсімделген және Қазақстанға экспорттауға арналған барлық автомобильдерге қатысты. Басты себеп – көлік құралдарының электрондық паспорт интеграциясының болмауы. Шектеу мерзімі 6 ай деп болжануда. Қайта тіркеу нақты қашан басталатыны белгісіз.
2025 жылдан бастап АӘҚК көрсету жүйесі жан басына шаққандағы норматив негізінде жұмыс істейтін болады. Бұл мұқтаждарды, әсіресе ауылдық жерлерде қамтуды едәуір кеңейтуге мүмкіндік береді. Қосымша қызметтер қажеттіліктерді бағалау негізінде қаржыландырылатын болады, бұл қызметтерді күшейтілген күтімді талап ететін азаматтардың жеке қажеттіліктеріне бейімдеуге мүмкіндік береді. Тағы бір жаңалық арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді лицензиялау болады. Бұл шара көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылауды күшейтуге және процесске кәсіби ұйымдарды тартуға бағытталған. Меншік нысанына қарамастан мемлекеттік және жеке ұйымдар лицензиялауға жатады. Осы жаңашылдықты іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамасына АӘҚК саласындағы қызметті лицензиялау туралы нормалар енгізілді, тиісті заңға тәуелді актілер қабылданды және ұйымдарға біліктілік талаптары белгіленді. Лицензиялауды Министрлік жанындағы жаңа комитет жүзеге асырады және бұл қызмет ұйымдар үшін тегін болады. Айтпақшы, елде 2025 жылы 1 қаңтардан бастап 1 АЕК 3 932 теңге болады. Яғни бұл АЕК-пен есептелетін кез келген төлем, оның ішінде айыппұл, әлеуметтік төлемдер және тағы да басқаларының көлемі де артады дегенді білдіреді.
Айта кеткен жөн, 2025 жылға арналған аудандық бюджет жобасы бекітілді. Экономика, қаржы, бюджет, кәсіпкерлік және құрылыс жұмыстары назардан тыс емес. Аудан бойынша шағын және орта кәсіпкерліктің даму барысы тұрақты қадағаланбақ. Сонымен қатар кәсіпкерлерге көмек көрсету, қолдау шаралары және мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы жүйеленді.

Айнұр ӘЛИ
31 желтоқсан 2024 ж. 243 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 115

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 114

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 111

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 98

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930