Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Олжас Бектенов авиациялық қауіпсіздікті күшейтуді тапсырды

Олжас Бектенов авиациялық қауіпсіздікті күшейтуді тапсырды

Премьер-министр Олжас Бектенов ұшақ апаты болған жерде жұмыс істеп жүрген Үкіметтік комиссияның баянадамасын тыңдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Олжас Бектенов авиациялық қауіпсіздікті күшейтуді тапсырды
Фото:primeminister.kz
Құтқару қызметтері іздестіру жұмыстарын аяқтағаны хабарланды. Қайғылы оқиғадан 38 адам ажал құшты, 29 адам ауруханаға жеткізілді. Барлық зардап шеккендер тексеріліп, қажетті көмек көрсетілді.
Осы орайда Олжас Бектенов авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша бірқатар тапсырма жүктеді.
«Бұл қайғылы оқиға бізге де ұшу қауіпсіздігі бойынша белгілі бір шаралар қабылдау керектігін көрсетеді. Ең алдымен, жоспардан тыс тексеру жүргізіпәуежайлар мен әуе кемелерінің техникалық жай-күйін ерекше бақылауға алу қажет. Өткізілетін іс-шаралар шеңберінде біздің авиакомпаниялардың әуе кемелері экипаждарының біліктілігін, рұқсатын және құзыреттілігін екі рет тексеру қажет. Әуе оқиғаларына жедел ден қою мақсатында авариялық-құтқару жұмыстарының тетігін жетілдіру және мүдделі мемлекеттік органдардың үйлестірілген жұмысын қамтамасыз ету қажет. Бұл жағдайдан болашақта бұған жол бермеу үшін нақты ұсыныстар жасай отырып дұрыс қорытынды жасау керек», деді Премьер-министр.
Естеріңізге сала кетейік, 25 желтоқсан күні жергілікті уақыт бойынша сағат 11:30-да Бакуден (Әзербайжан) Грозныйға (Ресей) ұшқан Әзербайжан әуе жолдарының ұшағы Ақтаудан үш шақырым жерде апатқа ұшырады. Жолаушылар ұшағы қалың тұман салдарынан Грозныйға қона алмай, әуелі Махачкалаға, кейін Ақтауға бағыт алған еді.




26 желтоқсан 2024 ж. 168 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 122

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 125

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930