Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Үкімет басшысы газ бен мұнай өндіруді арттыруды тапсырды

Үкімет басшысы газ бен мұнай өндіруді арттыруды тапсырды

Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Олжас Бектенов министрлер мен әкімдерге бөлінген қаражаттың толық әрі уақтылы игерілуін ерекше бақылауға алуды тапсырды.
Коллаж: Canva
- Биыл тау-кен өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі шамалы ғана өсті. Энергетика министрлігіне табиғи газ бен мұнай өндіру көлемін арттыру бойынша шараларды күшейтуді тапсырамын. 2025 жылы мұнай өндіруді жоспарланған көлемде қамтамасыз ету қажет, - деді Премьер-Министр.
Сонымен қатар Үкімет басшысы қараша айында жылдық инфляция 8,4 пайызға дейін бәсеңдегенін айтты. 
- Бұл – әлеуметтік маңызды мәселе, сондықтан оны қатаң бақылауда ұстау қажет, - деді Олжас Бектенов. 

Осы орайда Премьер-Министр орынбасары Серік Жұманғаринге егер өңірлер жергілікті жерде қажетті шараларды қолға алмаса, тиісті шешімдер қабылдау үшін дереу баяндауды тапсырды.

- Бұл жұмыста тұрақтандыру қорларын, форвардтық шарттарды, субсидиялау сияқты қолда бар тетіктерді белсенді пайдалану керек. Сонымен қатар, импортқа тәуелді өнімдер өндірісін кеңейту қажет. Инфляция деңгейін бақылау және оны төмендету жөніндегі шаралар жоспарын орындау бойынша барлық қажетті шараларды қабылдаңыздар. Біз экономика өсімінің оң қарқынын сақтап қалуға тиіспіз. Министрлер мен әкімдерге бөлінген қаражаттың толық әрі уақтылы игерілуін ерекше бақылауға алуды тапсырамын. Қаржы министрлігі бюджеттің кіріс бөлігінің атқарылуына бақылауды күшейтуі қажет», - деді ол.

17 желтоқсан 2024 ж. 318 0

Мәдениет – өркениет өзегі

27 желтоқсан 2025 ж. 152

Ұстаздар жылды қорытындылады

27 желтоқсан 2025 ж. 153

Кәсіпкерлік көші ілгері

27 желтоқсан 2025 ж. 126

Қуантқан барлық баланы

27 желтоқсан 2025 ж. 129

Қуанса, бала қуансын!

26 желтоқсан 2025 ж. 170

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031