Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұшақ апатының себебін үкіметтік комиссия анықтайды

Ұшақ апатының себебін үкіметтік комиссия анықтайды

Үкімет қаулысымен Ақтау қаласы әуежайы маңында Az Airlines әуекомпаниясының Эмбрайер 190 ұшағының апатқа ұшырау себебін тергеу жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды. Тиісті Қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.
Фото: ҚР Үкіметі
Комиссия құрамына Премьер-Министрдің орынбасары, Маңғыстау облысының әкімі, Төтенше жағдайлар, Көлік, Сыртқы істер, Ішкі істер, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Денсаулық сақтау министрліктерінің басшылығы, Бас көлік прокуроры кіреді.

Комиссияға оқиға орнына дереу ұшып кету, ұшақтың құлау себебін жан-жақты тергеуді қамтамасыз ету, қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына бірінші кезектегі көмекті көрсету жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды.
Қазақстан Үкіметі Әзербайжан Үкіметімен оқиғаның себебіне жан-жақты тергеу жүргізу және бірінші кезектегі көмек көрсету бойынша ынтымақтастық орнатады.

Айта кетейік, Ақтауда Azerbaijan Airlines ұшағы апатқа ұшырады.
Оқиға орнына ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі жеке құрамының 52 адамы мен 11 бірлік техникасы барды.
Апатқа ұшыраған ұшақ бортында Қазақстанның 6 азаматы болды.
ҚР Көлік министрлігі мәлім еткендей, Әзербайжан тарапының алдын ала ақпараты бойынша, бортта 62 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған. ҚР Президентінің тапсырмасымен Мемлекеттік комиссия құрылды.

25 желтоқсан 2024 ж. 156 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 120

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 124

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 115

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930