Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанның транзиттік әлеуетін нығайту мәселесі талқыланды

Қазақстанның транзиттік әлеуетін нығайту мәселесі талқыланды

Бүгін Үкімет сағатында Қазақстанның транзиттік әлеуетін нығайту мәселесі талқыланды, деп жазады Egemen.kz.
Фото:
Қазақстан темір жолы
Қазақстан - Еуропа мен Азияны байланыстыратын маңызды транзиттік мемлекет. Десе де, депутаттардың пікірінше, осындай стратегиялық мүмкіндік жеткілікті деңгейде пайдаланылмай отыр.

Қазіргі уақытта отандық тасымалдаушылар автопаркті жаңарту барысында қатаң экологиялық стандарттарды (кем дегенде Еуро-4) сақтауға міндетті, яғни одан төмен деңгейдегі автокөлікті әкелуге тыйым салынған. Ал шетелдік тасымалдаушылар Қазақстан жолдарында кез келген экологиялық стандарттағы автокөліктерді еркін пайдаланады. Депутаттар мұндай олқылықтар отандық бизнесті теңсіз жағдайға қойып, дамуына кедергі келтіретінін айтып, министрліктің назар аударуын сұрады.

Мәжілісмендер отандық және шетелдік тасымалдаушыларға қойылатын талаптың алшақтығына наразылық білдіріп, кейінгі 15 жылда осы теңсіздікті жоюға арналған шаралар қабылданбағанын айтты.

Ал әуекомпаниялары қолданылғанына 25 жылдан асқан ұшақпен жүк тасымалдауға тыйым салынғанмен, бұл норма адам тасымалында ескерілмейтінін де атап өтті.

Бұл талаптар Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (яғни ИКАО) стандарттарына сәйкес келмейтіні анық. Депутаттар осы мәселеге көңіл аударып, министрден мұндай жағдай қалыптасуына неліктен жол берілгенін сұрады.
23 желтоқсан 2024 ж. 249 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930