Тұман, бұрқасын, жел: Қазақстан өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
«Қазгидромет» еліміздің өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жариялады.Астанада 23 желтоқсанда кей уақытта жаяу бұрқасын соғады.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын болады. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман түседі.
Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 болады.
Ақтауда 23 желтоқсанда оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с болады.
23 желтоқсанда түнде және таңертең Ұлытау облысының шығысында тұман түседі.
23 желтоқсанда түнде Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын соғады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман түседі.
Қарағандыда 23 желтоқсанда жаяу бұрқасын соғады.
23 желтоқсанда Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман түседі. Шығыстан жел соғады, облыстың батысында кей уақытта екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.
Алматыда 23 желтоқсанда кей уақытта тұман түседі.
Қонаевта 23 желтоқсанда шығыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 15-20 м/с болады.
23 желтоқсанда күндіз Батыс Қазақстан облыстың батысында көктайғақ болып, тұман түседі.
23 желтоқсанда күндіз Атырау облысының оңтүстік-батысында көктайғақ болады.
23 желтоқсанда Павлодар облысының шығысында тұман түседі.
Павлодарда 23 желтоқсанда түнде және таңертең тұман түседі.
23 желтоқсанда Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Облыстың тау асуларында жаяу бұрқасын соғады.
Шымкентте 23 желтоқсанда түнде және таңертең тұман түседі.