Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Биыл Мәжіліске үш заң таза қазақ тілінде әзірленіп түскен

Биыл Мәжіліске үш заң таза қазақ тілінде әзірленіп түскен

Жыл басынан Парламент қарауына түскен заңдардың ішінде үшеуі таза қазақ тілінде әзірленген. Бұл туралы депутат Абзал Құспан Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы заң жобасын талқылау кезінде айтты.
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform
— Бұл заңның бірнеше ерекшелігі бар. Былтыр әріптесіміз Үнзила Шапаққызы Үкіметке үлкен депутаттық сауал жолдады. Сонда қазақ тілінде заң қабылдау қажеттігі, қолданыстағы заңдардың қазақ тіліндегі нұсқасын қайтадан ревизия жасау туралы мәселе көтерген. Сол сауалға Үкімет басшысының орынбасары 2024 жылы қазақ тілінде заң дайындауды бастайтындарын айтып, жауап қатқан, — деді ол Мәжілістің жалпы отырысында.

Депутаттың айтуынша, Үкімет ол уәдесін ішінара орындаған.

— Бұл Түркістан қаласының ерекше статусы туралы биыл Мәжіліске таза қазақ тілінде әзірленіп түскен үш заңның біреу. Біреуі — норма шығармашылық туралы заң, екіншісі — архив ісі туралы заң болатын. Енді үшіншісі — бүгін қарастырып отырған Түркістан қаласының ерекше статусы туралы заң, — деді Абзал Құспан.

Айта кетейік, аталған құжат аясында Қожа Ахмет Иассауи кесенесінен 100 метр радиуста биік ғимарат салуға заңмен тыйым салынбақ. 

18 желтоқсан 2024 ж. 36 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031