Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 7 күндік карантин: Облыстар арасында мал көшіру талабы күшейтілді

7 күндік карантин: Облыстар арасында мал көшіру талабы күшейтілді

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Мәжіліс отырысынан кейін журналистердің сұрағына берген жауабында Атырау облысында сібір жарасының ошағы тіркелуіне байланысты пікір білдірді.
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform
— Мен министрлік қызметке кіріскен кезде кең ауқымды талдау жүргіздік. Қазір мал және егін шаруашылықтарында салыстырмалы түрде тәртіп бар. Ветеринария бойынша мәселелер бар. Біз енді жұмысты күшейтіп, талаптарды қатаңдатып жатырмыз.  Атырау облысында мал сою алаңының өзінде ірі қара қырылған. Ол алаңға карантин жарияладық. Қажетті дезинфекция шараларының бәрін істедік. Қазір бақылауда ұстап отырмыз, — деді ол.
Министр қауіпті індеттердің алдын алу үшін облыстар арасында мал көшірудің тәртібі қатаңдатылып жатқанын айтты. 
— Біз жаңа тәртіп енгіздік. Бұрын малды бір облыстан екінші облысқа ешқандай карантинсіз көшіре беретінбіз. Қазір 7 күндік карантин енгіздік. Мысалы Атырау облысынан Қостанай облысына мал көшірсе, әуелі Атырауда 7 күн карантинде ұсталады. Ол жерде біздің ветеринарлар тексеріп, зерттеу жүргізеді. Ал Қостанайға жеткеннен кейін тағы 7 күн карантинде тұрады. Бұл жұмысты күшейтіп, орындалуын талап етеміз. Халық тарапынан да, ветеринарлар тарапынан да өте көп шағым болады. Бұл малдың құжаттары біріздендіруге де байланысты. Яғни, ауру жұқтырып, таратпау үшін малды кешіктірмей тіркетіп отыру керек. Мысалы, төл туса 7 күннің ішінде ақпараттық жүйеге тіркелу керек, — деді Айдарбек Сапаров.
11 желтоқсан 2024 ж. 219 0

Қара шаңның қасіреті

17 қаңтар 2025 ж. 52

Есірткі туралы ертегі

17 қаңтар 2025 ж. 55

Сиқырлы гүлдің арбауы

16 қаңтар 2025 ж. 99

Есірткі туралы ертегі

16 қаңтар 2025 ж. 115

Адалдық

16 қаңтар 2025 ж. 100

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031