Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Шаруалар биенің сүтін Қытайға сатуды сұрап отыр - министр

Шаруалар биенің сүтін Қытайға сатуды сұрап отыр - министр

ФОТО

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров қазақстандық шаруалар биенің құрғақ сүтін Қытайға сатуды сұрап отырғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.


Мәжілістегі Үкімет сағатында депутат Аманжол Әлтай өзекті мәселені көтерді.
"Өкінішке қарай, бүгінде төрт түліктің төресі жылқының бағасы доңыздан төмен, ал биенің сүті бағаланбай отыр. Себебі, тек биенің сүтін тереңдетіп өңдеу арқылы оны қазақ халқының ұлттық брендіне айналдыруға мүмкіндік бар. Молодежный (Қарағанды облысы) кентін қоспағанда елімізде биенің сүтін өңдейтін зауыт жоқ. Жалпы биенің сүтін өңдейтін зауыт салу жоспарда бар ма?", - деді ол.
Сауалға ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров жауап берді.
"Қарағанды облысында саумал өндірісі бар. Өткен аптада сол жақты араладым, жігіттермен кездестім. Әр облыста бие сауып жүрген азаматтар бар. Саумалды өткізу проблемасы бар. Еуропа (нарығына) өте алмай отырмыз дейді, сұраныс шамалы. (Олар өнімін) Қытайға өткізуді сұрап отыр. Сондай-ақ (құрғақ бие сүтін) БАӘ-ге жіберіп жатырмыз. Ол жақта бұл өнімді құлындарға тамақ ретінде береді", - деді ведомство басшысы.
Айдарбек Сапаров құрғақ бие сүтіне шетелден сұраныс барын жеткізді.
"Сондықтан қазір Қытайға шектеуді алып тастадық. Реестрге кіргізу жұмысын жүргізіп жатырмыз. (Реестр) ашылса, жұмысты Қарағандыдан бастаймыз. Сұраныс болса, зауыт салуға ниет танытқан біраз адам бар. Мысалы Солтүстік Қазақстанда "Барлыбай" деген шаруа қожалығы бар. Олар бие сауып, қымыз сатады. Біраз азамат (биенің сүтін өңдейтін зауыт) ашуға дайын. Биыл жылқының басы 4 миллионға көбейді", - деді министр.
24 маусым 2024 ж. 135 0

Байқауда бағы жанғандар

11 желтоқсан 2024 ж. 270

Білім туралы құжаттарды тану

11 желтоқсан 2024 ж. 158

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031