Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Білім туралы құжаттарды тану

Білім туралы құжаттарды тану

Фото: ашық дерекөзден
Егер сіз шетелде білім алсаңыз және Қазақстанда жұмыс істеуді немесе оқуды қаласаңыз, онда дипломыңызды тану рәсімінен өту керек. Бұл сіздің құжатыңызды елде заңды түрде жарамды деп тануға мүмкіндік береді.

Білім туралы құжатты тану куәлігін алу үшін халыққа қызмет көрсету орталығына бару керек. Өзіңізбен бірге жеке куәлік, мемлекеттік баждың төленгені туралы түбіртек, заңдастырылған немесе апостиль қойылған білімі туралы құжаттың көшірмесі, оның қосымшалары, нотариалды куәландырылған аудармасы болуы қажет.

Негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі туралы шетелдік құжаттар тануға жатады. Айта кету керек, дипломның қосымшасын тану рәсімі үшін міндетті құжат болып саналады.

Білім туралы құжаттарды тану рәсімінен еуропалық қосымша(diploma supplement), белгілі бір саладағы біліктілігі бар кәсіби қайта даярлау туралы диплом, «Болашақ» халықаралық стипендиясын алған, шетелдік университеттер, ғылыми орталықтар мен зертханалар Қазақстан азаматтарына берген білім туралы құжаттар өтпейді.
11 желтоқсан 2024 ж. 238 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 115

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 114

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 111

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 98

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930