Кәсіптік білім – қоғам қажеттілігі

Білім ордасын өрге сүйреген

Арман Мусаев техникалық және кәсіптік білім беру саласында жиырма жылға жуық келе жатқан сала маманы. Ол он үш жыл қатарынан Қазалы аграрлы-техникалық колледжі директорының оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары болды. Білікті басшы Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігінің Құрмет грамотасы, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің, Қызылорда облысы әкімінің, Қазалы қаласы әкімінің алғыс хатымен марапатталған.
Училищеден – колледжге дейін...

Алғашында УМСХ-34 атанған бұл оқу орны №34 ауыл шаруашылығын механизациялау училищесі, №34 ауылшаруашылық кәсіптік-техникалық училищесі, №8 селолық орта кәсіптік-техникалық училище, №8 кәсіптік-техникалық училище, №8 кәсіптік мектеп, №8 кәсіптік-лицей болды. 2014 жылдан бастап «Қазалы аграрлы-техникалық колледжі» КМҚК.
Осы уақыттардан бері іргелі оқу орны ауыл шаруашылығына өте қажетті мамандықтар – тракторшы, комбайншы, К-700 жүргізуші-механизаторлары, құрылысшылар, мал мамандары, фермерлер, газэлектрдәнекерлеушілер, тағы басқа да мамандар дайындады. Кейін, тәуелсіздік алған жылдары заманауи мамандықтар ашылып, колледждің әлеуеті артты.
Мамандық таңдау – болашақты таңдау

Колледжде 2020 жылы «Жас маман» жобасы шеңберінде «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану», «Ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу» мамандықтары бойынша оқу лабораториялары мен құзіреттілік орталығы жабдықталған. Колледждің МТБ компьютерлік техникалармен қамтылған. Колледжде – 112 дана дербес компьютер (ноутбук – 5 дана, интерактивтік тақта – 6 дана, моноблок – 28 дана, 73 дана оқушы компьютер), 2 дана жылжымалы проектор бар. Екі информатика кабинеті, 9 жалпы пән кабинеті, 9 арнайы пән кабинеті бар. Оқу кабинеттері оқытушы компьютері, парта-орындық, оқытушы партасы мен орындығы, кітап салатын шкаф, пәнге байланысты стендтермен, арнайы пән бойынша макеттермен, сызба-плакаттармен жабдықталған. Жалпы, кітап қоры – 10794 (жалпы білімдік пән оқулықтары – 1150 дана, жалпы техникалық пән оқулықтары – 2972 дана, оқу-әдістемелік оқулықтар – 140 дана, көрнекі әдебиеттер – 6452 дана, электрондық оқулық – 80 дана). Өткен жылы колледж кітапханасына 419 784,99 теңгеге 170 дана арнайы пән оқулықтары мен 214 926,00 теңгеге 60 дана көркем әдеби кітап сатып алынған.
Жетістіктер қоржыны
Кәсіптік оқу орнының жетістіктеріне қысқаша тоқталатын болсақ, колледж ұстаздары мен студенттері түрлі деңгейдегі білім сайыстарында, өнер додаларында, мәдени-көпшілік іс-шараларда оқ бойы оза шауып, жүлделі орындармен жетістіктер қоржынын үнемі толтырып отырады.
«Worldskills Kyzylorda – 2023» кәсіби шеберлік чемпионатының облыстық кезеңі өткізілді. Қазалы аграрлы-техникалық колледжі чемпионатқа 8 құзіреттілік бойынша қатысып, 4 алтын, 4 күміс, 2 қола медаль жеңіп алды. «Графикалық дизайн» құзіреттілігінен Әбілбай Олжабек, «Кірпіш қалау» құзіреттілігінен Абзал Ерсұлтан, «Кондитер ісі» құзіреттілігінен Айгерім Қалқора, «Шанақты жөндеу» құзіреттілігінен Әділет Өзбек алтын медаль иегері атанса, «Жеңіл автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету» құзіреттілігінен Әли Бауыржан «Веб дизайн және әзірлеу» құзіреттілігінен Ерқанат Шанжар «Графикалық дизайн» құзіреттілігінен Аида Үйрекбай, «Дәнекерлеу технологиясы» құзіреттілігінен Ерасыл Мырзағали күміс медаль иегері, «Аспаз ісі» құзіреттілігінен Әйгерім Қалқора, «Сантехника және жылыту» құзіреттілігінен Аманай Есенғали қола медаль иегері атанды. Облыстық чемпионатта колледж педагогтары өндірістік оқыту шебері Пржанов Әділжан «Дәнекерлеу технологиясы», аға шебер Қуат Орынбасар «Жеңіл автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету», арнайы пән оқытушысы Әнәпия Айжан «Графикалық дизайн», өндірістік оқыту шеберлері Айтпаев Қайрат «Кірпіш қалау», Қарабалаева Эльвира «Аспаз ісі», Ильясова Аяжан «Веб дизайн және әзірлеу», Мамбетов Нұрбек «Сантехника және жылыту» құзіреттілігі бойынша сарапшылық жасады.
Былтыр 20-27 қараша күндері «WorldSkills Kazakhstan – 2023» кәсіби шеберліктің VIII республикалық чемпионаты өтті. Чемпионатқа Қазалы аграрлы – техникалық колледжі 4 құзіреттілік бойынша қатысты. «Графикалық дизайн» құзіреттілігінен Әбілбай Олжабек, «Кірпіш қалау» құзіреттілігінен Абзал Ерсұлтан, «Кондитер ісі» құзіреттілігінен Қалқора Айгерім, «Шанақты жөндеу» құзіреттілігінен Өзбек Әділет қатысып, «Графикалық дизайн» құзіреттілігі бойынша Әбілбай Олжабек «Үздік маман» медальон иегері атанды.
Республикалық чемпионатта өндірістік оқыту шебері – Әділжан Пржанов «Дәнекерлеу технологиясы» құзіреттілігі бойынша бас сарапшының орынбасары, аға шебер – Қуат Орынбасар «Жеңіл автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету», арнайы пән оқытушысы Әнәпия Айжан «Графикалық дизайн», өндірістік оқыту шеберлері Айтпаев Қайрат «Кірпіш қалау», Эльвира Қарабалаева «Кондитер ісі», Алтынбек Қорғанбаев «Шанақты жөндеу» құзіреттілігі бойынша сарапшылық жасады.
Дүбірлі додаға қатысқан Әбілбай Олжабек Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің «Үздік маман» медальоны мен алғыс хатына, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің «WorldSkills Kazakhstan – 2023» кәсіби шеберліктің VIII республикалық чемпионатына «Графикалық дизайн» құзіреттілігі бойынша қатысқан сертификатына, Қызылорда облысының білім басқармасы мен Қазалы аграрлы - техникалық колледжі әкімшілігінің Алғыс хатына ие болды. Ал, Олжабекті чемпионатқа дайындаған арнайы пән оқытушысы, жас маман Әнәпия Айжан Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Talap» КЕАҚ «WorldSkills Kazakhstan 2023» кәсіби шеберліктің VIII республикалық чемпионатында «Графикалық дизайн» құзіреттілігі бойынша сарапшы сертификатына, Қызылорда облысының білім басқармасының алғыс хаты және Қызылорда облысының білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Алматы қаласындағы «Әл-Фараби» шипажайына жолдамаға, Қазалы аграрлы-техникалық колледжінің «Жылдың үздік арнайы пән оқытушысы» номинациясы мен колледж кәсіподағы ұйымы жиналысының хаттамасымен базалық жалақы мөлшерінің екі еселенген сыйақысына ие болды.
Биыл елордада ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен «WorldSkills Kazakhstan» республикалық кәсіби шеберлік чемпионаты өткізілді. Чемпионатқа 30 құзіреттілік бойынша 555 қатысушы қатысты. Қазалы аграрлы-техникалық колледжі «WorldSkills Kazakhstan – 2024» IХ республикалық кәсіби шеберлік байқауында 9-шы рет бақ сынады.
«Веб дизайн және әзірлеу» құзіреттілігі бойынша Әлимхан Өсербаев, жетекшісі Аяжан Ильясова, «Жеңіл автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету» құзіреттілігі бойынша Ералы Өмірзақ, жетекшілері Қуат Орынбасар, Алтынбек Қорғанбаев, «Графикалық дизайн» құзіреттілігі бойынша Олжабек Әбілбай, жетекшісі Айжан Әнәпия.
Нәтижесінде Олжабек Асқарбайұлы «Графикалық дизаин» құзіреттілігі бойынша, Ералы Сейсенбіұлы «Жеңіл автокөліктерге техникалық қызмет көрсету» құзіреттілігі бойынша медальон иеленді.
Сервис және қызмет көрсету саласы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы республикалық кәсіби шеберлік байқауына қатысқан Қазалы аграрлы-техникалық колледжінің өндірістік оқыту шебері Гүлнәз Қарасай «Кондитер ісі» құзіреттілігі бойынша медальон иеленіп, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің дипломымен марапатталды. Гүлнәз колледжді үздік дипломмен тәмамдаған колледж түлегі, ұжым мақтанышы.
2024 жылы қазан айының 14-17 қазан күндері Ақмола облысы Красный Яр ауылындағы көпсалалы инновациялық колледжінің базасында арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерінің кәсіптік мәртебесін арттыру мақсатында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы республикалық кәсіби шеберлік конкурсына Қазалы аграрлы-техникалық колледжінің өндірістік оқыту шебері Шынжырбай Жадырасынов «Ауыл шаруашылығы машиналарын жөндеу және қызмет көрсету» құзіреттілігі бойынша Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің грамотасымен марапатталды.
Ұлболсын ЕРБОЛҚЫЗЫ