Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ДДСҰ белгісіз аурудың себептерін анықтау үшін Конгоға өз мамандарын жібереді

ДДСҰ белгісіз аурудың себептерін анықтау үшін Конгоға өз мамандарын жібереді

Фото: Report.az
Конго Демократиялық Республикасының Кванго провинциясында тараған белгісіз ауру 30 адамның өмірін қиды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы елге сарапшылар тобын жіберіп жатыр.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары Конго Демократиялық Республикасына (КДР) Кванго провинциясында 30 адамның өмірін қиған белгісіз аурудың себебін анықтауға көмектесіп жатыр.
Ұйым өз сарапшыларын елдің оңтүстік-батысындағы Кванго провинциясының Панци елді мекенінде тараған және әзірге диагнозы қойылмаған аурудың түрін анықтау үшін КДР денсаулық сақтау органдарына жібереді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау министрлігі елдің Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлауынша, Панци медициналық-санитарлық аймағында 394 адам осы аурумен ауырып, 30 адам қкөз жұмған. Бұған дейін Конго Демократиялық Республикасында белгісіз дерт таралып, 143 адам қаза тапқаны хабарланған болатын. Симптомдары: бас ауруы, жөтел, тыныс алудың қиындауы және анемия.
Панциге баратын мамандардың қатарында эпидемиологтар, дәрiгерлер, жұқпалы аурулардың алдын алу және күресу жөнiндегi мамандар бар.
«Біздің басты міндетіміз зардап шеккен отбасыларға көмек көрсету. Аурудың себебін анықтау үшін барымызды саламыз», - деді ДДСҰ Африка аймағының директоры Матшидисо Моети.
Қазан айының басында Конго Демократиялық Республикасында осы жылдың басынан бері 30 мыңнан астам адам Mpox (маймыл шешек) ауруына шалдыққаны хабарланған болатын. Сол кезде Мрох ауруынан болатын өлім-жітім негізінен балаларда байқалып, жалпы өлімнің 70%-ын бес жасқа дейінгі балалар тобы құрайтыны хабарланған.

07 желтоқсан 2024 ж. 200 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 122

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 125

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930