Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жанға дауа, тәнге шипа сыйлаған

Жанға дауа, тәнге шипа сыйлаған

Бар өмірін денсаулық сақтау саласына арнағандар қатары Қазалы ауданында баршылық. Адам жанының арашашысы болып жемісті еңбек етіп кеткендері де қаншама. Бүгінде халықтың жылы ықыласы мен алғысына бөленіп, заманының көркі болып жүрген дәрігерлер арамызда жетерлік.

Соның бірі – Қазалы теміржол ауруханасының фельдшері Нұртас Кеңес. Ол үлкен мен кішіге көмек қолын созудан аянған емес. Жанына дауа, тәніне шипа болардай ем беріп, науқастың көңілін көтереді. Науқастардың өмірге деген құлшынысын арттырып жүрген азамат Ақтөбедегі М.Мәметова атындағы медколледжде білім алған. Қазалы теміржол ауруханасының жедел жәрдем бөліміне қызметке тұрғанына да 7 жылдың жүзі болыпты. Аз да емес, көп те емес осы уақыт аралығында қаншама шақыртуларға барып, өмірлік тәжірибе жинады.
– Жұмысқа келгеннен бірнеше шақыртуға барамыз. Көбіне мекенжай таппай уақыт оздырып аламыз. Оның үстіне бір ғана бригадамыз. Ауысыммен 4 фельдшер халыққа қызмет көрсетеміз. Фельдшердің бойында жанашырлық таныту, тыңдай алу, ықыластылық, мейірімділік сынды қасиеттердің болғаны абзал. Ширақтық пен ұқыптылық және жауапкершілік, күтпеген жағдайларда тез әрі тиімді шешім қабылдау қабілеті кәсіби тұрғыда маңызы зор. Жоғары деңгейдегі маман болу үшін кемінде 3 жыл қажет, – дейді Нұртас Орақұлы.
Кіршіксіз кәсіптегі басты артықшылық – адамдарға көмек көрсету болғандығы Нұртастың таңдауына сеп болды.
– Бала кезде әжем қан қысымы көтеріліп жиі ауыратын. Жедел жәрдем келгенше, қан қысымын өлшеп, дәрілерін беріп отыратынмын. Қатты ауырған кездері 103 қызметкерлері келіп, екпе егіп, жағдайын жақсартатын. Ал айыққан әжем мамандарға алғаусыз алғысын айтатын. Сол кезден бастап, осы кәсіп маманы боламын деп шештім. Қазір адамдарға алғашқы көмек көрсетіп, алғысын алудың өзі ерекше күш-жігер береді, – дейді жас маман.
Жалпы бұл мамандық өте жауапты және маңызды болып табылады. Өйткені ол адам өмірін сақтап қалуы үшін жиі алғашқы жедел жәрдем көрсетуге мәжбүр болады. Фельдшердің жұмысы жемісті болу үшін оның медицинаға деген қызығушылығы, үнемі адамдарға көмек көрсетуге дайын болуы бағаланады. Аурудың алдын алу және оны азайту, ауруды ерте анықтау бойынша іс-шаралар жүргізеді. Емдеу-профилактикалық және санитарлық-гигиеналық шараларды дайындап, олардың тексеруден өтуіне атсалысады. Дәрігерлік тағайындамаларды орындайды. Кіші медициналық персоналдың қызметін басқарады. Атқаратын міндеттерінің аясы көбінесе жұмыс орнына байланысты. Олар әрдайым сұранысқа ие болады. Еңбек режимі ауысыммен, тәулік бойы кезекшілік. Мереке мен демалыс күндері жұмыс болуы ешкімді де таңқалдырмас.
Жас фельдшердің айтуынша, оның лауазымдық міндеттері күрделі. Шақыру түскеннен кейін бригаданың дереу кетуін және оның шақырылған жерге жылдам жетуін қамтамасыз ету басты міндет болып табылады. Діттеген жерге жеткен соң науқасқа тексеру жүргізеді. Оның жағдайының ауырлығын бағалайды. Науқастан немесе жанындағылардан ауру, улану болмаса жарақат туралы қажетті ақпарат алады. Төтенше жағдайдың жалпы және ерекше белгілерін анықтайды. Диагностикалық, емдік және реанимациялық шаралардың өзектілігі мен көлемін, мазмұнын және кезектілігін реттейді. Реті келсе, оңтайлы тактикалық шешімді таңдап, ауруханаға жатқызу көрсеткіштерін бақылап, оны жүзеге асырады және басқа да тиесілі міндеттерді атқарады.
Бүгінде Нұртас Кеңес ұжымдастары арасында сыйлы, науқастардың сүйіспен­шілігіне бөленген мамандар санатына жатады.

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
07 желтоқсан 2024 ж. 220 0

Байқауда бағы жанғандар

11 желтоқсан 2024 ж. 270

Білім туралы құжаттарды тану

11 желтоқсан 2024 ж. 158

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031